Home » Мақалалар » ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КІЛТІ

ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КІЛТІ

«Білім негізі – бастауышта» демекші, білім берудің алғашқы атасы – бастауыш білім. Баланы бастауыш сыныптан бастап шығармашылық ойлауға, өз бетінше шешім қабылдай алуға,  алған білімін өмірде қолдана алуға, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Қазіргі қарыштап алға басып, күн сайын дамыған ғасырда бүгінгі ұрпақтың алдында сол заманға лайықты болу талабы тұрғандығы белгілі. Ұрпағына заманына лайықты білім мен тәрбие беру мақсатында алдыңғы қатарлы дамыған елдердің өзіндік білім беру жүйелері бар. Болашақта Қазақ елі сол елдермен терезесі тең тұруы үшін ұлттық білім берудің барлық буындарын жетілдіріп дамыту қажет екендігі түсінікті.

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ 2017 жылдың 26 ақпаны мен 17 наурыз аралығында Панфилов ауданы бойынша жалпы білім беретін мектептерден 31 бастауыш сынып мұғалімдеріне «Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды. Тренер  Мариям Нариманқызы  Мухамадиеваның  жетекшілігімен өткізіліп жатқан курстың мақсаты:  оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның  ұлттық білім беру жүйесіне арналған жаңа білім беру бағдарламасымен  таныстыру болып табылады.
Бағдарламаның мақсаты: Бастауыш сынып пәндері бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру. Курстың алғашқы күні  тренер  Мариям Нариманқызы бағдарламаның мақсат міндеттерімен, оқу бағдарламасы және оқу жоспарымен  таныстырды. Еліміздің білім саласында мұғалімдердің бастауыш сыныпта қолданылатын заманауи педагогикалық   оқыту әдіс-тәсілдері мен оқушыларды оқытудың ең жоғарғы стандарттарын қамтамасыз етудің  маңызы зор.

Оқыту кезінде мұғалімдер жоғарғы нәтижеге қол жеткізуде сындарлы оқыту, зерттеуге негізделген оқу, белсенді оқу теориясымен, спиральді оқу бағдарламасы терминімен танысып,  оқып үйренді. Мұғалімдер оқулықтан алынған тапсырмаларға қысқа мерзімді жоспар әзірлеуді үйреніп,  критериалды бағалауларға байланысты  бір критерийге бірнеше дескриптор құруды тәжірибе кезінде талқылап, бұрынғы бағалаумен салыстыра отырып, қазіргі критериалды бағалаудың тиімділігіне көз жеткізді.

Курс барысында топтарда бастауыш сыныптағы негізгі пәндерден ықшам сабақ үлгілері көрсетілді. Бұл сабақ үлгілерінде үш  тілдік саясат оқу процесінде көрініс табуы жүрекке  қуаныш ұялатады. Бұл да жаңа бағдарламаның бір артықшылығы. Мұғалімдердің сабақта қолданып жүрген  тиімді әдіс-тәсілдерін айта кетсек «Төрт баған», математика пәнінде қолданылатын «Кэррол» диаграммасы, «Дауыстап ойлану» және көптеген стратегиялық ойындардың ішінде:  «Алға» («Go») деп аталатын ежелгі қытай ойыны т.б әдістерді өз сабақтарында тиімді қолдануды үйренді.   Білім жетілдіру курсына келген ұстаздар қауымы жаңа біліммен қаруланып, ынтымақтаса жұмыс жасады.

Елбасымыздың жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет. Жаңа бағдарлама бойынша білім-біліктілікті үздіксіз арттырып отыру жас мамандар үшін айтарлықтай маңызы зор екенін айта отырып «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Серік Мұхтарұлы Кеңесбаев мырзаға және тренеріміз  М.Н.Мухамадиеваға  зор алғыс білдіреміз.

 

 

Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Битебаева Жанар Кайратовна
Панфилов ауданы Жаркент қаласы
                                                                     

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.