Home » Мақалалар » Жаңартылған бағдарлама – білім мен біліктіліктің ұштасқан биігі

Жаңартылған бағдарлама – білім мен біліктіліктің ұштасқан биігі

Тәуелсіз елдің негізгі тірегі-білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы келіп жетті. Мемлекет болашағының кепілі-жоғарғы білім беру мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы А.Байтұрсынов «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», — деген. Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты — білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Бұл тұрғыда Президент Н.Ә. Назарбаев еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу туралы міндет қойғаны бәрімізге анық. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды роль атқарады. Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. ХХІ ғасыр – ғылым мен техниканың заманауи нышандарын жаңа мазмұнда ілгерілтіп, адамзат болмысының үнемі ізденіс үстінде үздіксіз білім алып, жетілу қажеттілігін көрсетіп отыр. Міне, осы мақсатта ақпан айының 12-жұлдызы мен наурыз айының 7-жұлдызы аралығында  Алматы облысы, Кербұлақ ауданына қарасты Сарыөзек ауылында «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәні мамандары өз біліктіліктерін заманауи оқу мен оқыту үдерісінде дамыта білім алуда.Пән мұғалімдері жаңартылған бағдарлама аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының  аға оқытушысы – Қылышбекова Нұрсәуле Ұқанбайқызы  дәріс жүргізуде.

Ұстаздар білім жетілдіру барысында   жаңартылған бағдарлама әдіс-тәсілдерін, сондай-ақ: ұзақ мерзімді жоспар, орта мерзімді жоспар мен қысқа мерзімді жоспарды оқу бағдарламасының мақсатына сай оқу мен оқыту стратегияларына сай ықшамдап, оқушылардың белсенділігі мен оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым және тілдік дағдыларын дамытуда, кері байланыс жасау барысында оқушының өз білім деңгейінің иерархиясының тұлғалық қалыптасуына бағыт-бағдар мен жаңаша құрылымда өсу сатысында оқыту қажеттілігін нақтылады.

Оқу бағдарламасының мазмұнының мақсаты-қолданыстағы дәстүрлі білім беру жүйесін әлемдік деңгей сатысына көтеру болып отыр. Назарбаев Зиякерлік мектептері халықаралық озық тәжірибені оқыту және оқу үдерісіне енгізу мақсатында білім бағдарламасын өзгертті.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы Жолдауында: «Мәңгілік Ел» – бұл  барлық қазақстандықтарды біріктіретін жалпыұлттық құндылықтар және елімізің болашағының іргетасын құрайды», – деп атап көрсеткендей, «Мәңгілік Ел» – жалпыұлттық  идеясының маңыздылығы, сол – Елбасымыз атап өткен «Бір мақсат, бір мүдде, бір келешек» тұтастығында екендігін осы жаңартылған бағдарлама аясында түсіне алдық.

Бұл курстың негізгі мақсатының өзі де- «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын іске асыра отырып, оқушының функционалдық сауаттылығын арттыру. Мұғалімдердің бойындағы орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларын қалыптастыру.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдердің алары көп. Курста жүргізілген тиімді әдіс-тәсілдер педагогтарды оқытудың сан түрлі үлгісін және тиімді әдістер жүйесін қолданып, оқушыларға тәуелсіз болуға, оқуға жауапкершілікпен және шығармашылықпен қарауына көмектесетін сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы- озық технологиялардың барлық қыр-сырларын білуге жетелейді.

Курста тәжірибелі ұстаздарымыз Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің мұғалімі- Ш.М.- Мустафанова, Қоғалы орта мектебінің мұғалімі Б.А. Утегенова, Қаспан орта мектебінің мұғалімі — Г.М. Қарымбаева, Ж.Тобаяқов атындағы орта мектебінің мұғалімі Т.О.Ақылбекова, Қарашоқы орта мектебінің мұғалімі Ғ.К.Қойшыбекова, Күреңбел қазақ орта мектебінің мұғалімі Тоқбосынова С.Ш., Тастыөзек орта мектебінің директоры Д.С. Доспанбетов. Сонымен бірге талапты жас мамандар да өз біліктілігін жетілдіруде. Атап айтсақ, Есеркеева А.-Алтынемел орта мектебі, Ниязбаева Н.-Райымбек орта мектебі, Абдиманап Т.-Т.Құлыбеков атындағы орта мектебі, Жумағалиева А.-Ақжар орта мектебі, Қасым Р.-Аралтөбе орта мектебі.

Курс туралы өз пікірін Жоламан орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Н.Нурушева: “Жас мамандар жаңартылған бағдарламаның болашақта берері мол екенін білді. Жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама”,- деп өз ойын тұжырымдады.

Қорыта келе, жаңартылған бағдарламаның мәні баланың фукнционалдық сауаттылығын қалыптастырады. Оқушы мектеп қабырғасында алған білімін өмірде қажетке асыра білуі керек.

Ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік міндеттелді. ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дамыту үшін, мұғалімге тынымсыз еңбек ету керек.

 

       Утегенова Бағдагүл Әубәкірқызы,
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы,
Қоғалы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.