Home » Мақалалар » Жаңартылған бағдарлама аясында заманауи тәсілдер арқылы мұғалімдерді даярлау

Жаңартылған бағдарлама аясында заманауи тәсілдер арқылы мұғалімдерді даярлау

Елбасы: «Біз қазір «білім – ғылым – инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз» — деген болатын.  Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі мен білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін барынша арттыру керек. Бүгінде  елімізде  білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды, қоғамның білімге деген талабы жоғары, білім саласы сан тарау ақпараттарға толы. Болашақ білімді ұрпақтарымызды даярлайтын мұғалімдер қауымы болғандықтан, олар ешбір жаңалықтарды қалт жібермеуі тиіс. Жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Қазір қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – қарым-қатынас тілі, ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілі, тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану заман талабы болып отыр. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар қауымының алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып және жаңа технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Оқушыларды заманауи тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, танымдық іс-әрекеттерді орындату арқылы оқушы шығармашылығын дамытуда мұғалімнің кәсіби шеберлігі қажет. Мұғалімдік – әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, қиялы бай адамға ғана жарасар мамандық. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше жағдай, оның түрлерінде, сабақ өткізуінде де оқушылардың жүрегіне жол таба білуінде жатыр.

Ұстаз – өз бойындағы жақсылықты, білімділік пен парасаттылықты, адалдық пен мейірімділікті жеткізуші. Ал шәкірт – тек қабылдаушы болып саналады. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді.

Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетті іске асыра білуі керек. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.

Иманбекова Шырын Талгатбековна,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Филиалы Жамбыл облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
Ақпараттық технологиялар бөлімінің жетекші маманы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.