Home » Мақалалар » Жаңарталған білім мазмұны-ұстаз келбетінің жаңғыру айнасы

Жаңарталған білім мазмұны-ұстаз келбетінің жаңғыру айнасы

 

Қазақстан  2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда оқытудың парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру      бағдарламасы — заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын  қанағаттандыратын тың бағдарлама.

«Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы. Ал оның негізі бастауыш сыныптарда қаланбақ. Сондықтан да бастауыш сыныпта әр сабаққа әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру ең басты мәселе.

Осыған  орай, 23 тамыз 2018 ж.    Алакөл  ауданы Үшарал  №1 орта   мектебінде «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлерінің біліктілігін  арттыру  институты  «Жаңартылған  білім  беру: теориядан  тәжірибеге» атты  аймақтық  семинар  ұйымдастырды.

Бұл іс-шараға  Алакөл, Сарқан, Ақсу аударынан  бастауыш  сынып мұғалімдері,жергілікті жердің аудандық білім бөлімінің  әдіскелері қатысты. Жоғарыда   аталған  аудандардан Кенжебекова Қ.С., Муханова Г.Ж., Дюсембекова Ж.Ж., Баймұхамбетова Р.К. ,Саргаскаева Г. Н. — Алакөл  ауданы, Жабайханова Б.М., Смагулова С. Ш., Молдағожина  М. М.- Сарқан  ауданы, Байжұманова А.Е., Көптлеуова А. Т.  -Ақсу аудандарының бастауыш сынып мұғалімдері өз  тәжірибесімен  бөлісіп, баяндамалар оқып шеберлік  сыныптар  өткізді.

Ұстаздар жаңартылған  білім  беру  бағдарламасының аясында атқарған жұмыстарымен бөлісіп, критериалды  бағалаудың  және  соның  ішіндегі  қалыптастырушы  бағалауға  баса  назар  аударып, шеберліктерін  көрсете  білді. Оқытудағы  тиімді әдіс-тәсілдерді  өз  тәжірибесінде  қолданған жолдарын  көрсетті. Курс  кезінде оқыған  теориялық  білімдерін  тәжірибеде  дұрыс  бағытта енгізгендерін  көрсетіп, әріптестерінің  көңілінен  шыға  білген  мұғалімдер семинар   мақсатына  жеткенін  көрсетті.

Іс-шара  соңында   қатысушыларға алғыс хаттар, құрмет  грамоталары мен  сертификаттар тапсырылды.

 

  Байузакова А.К.

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы АОБПҚБАИ

 аға  оқытушысы   

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.