Жақында Т.Әлімқұлов атындағы мектеп-интернат лицейінде «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың тілдік қарым-қатынастың құзіреттілігін және шығармашылық ой-өрісін қалыптастыру» тақырыбында Созақ аудандық оқу бөлімінің әдіскері Зәуре Бөкенованың басшылық етуімен семинар болып өтті. Бұл семинарға аудандағы мектептердің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты. Семинарды Т.Әлімқұлов атындағы мектеп-интернат лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері ұйымдастырды. Семинардың басты мақсаты аудан мұғалімдерінің жас жеткіншектерге орыс тілін меңгертудің әдіс-тәсілдерін көрсету, тәжірибе алмасу. Семинар барысында аталмыш мектеп-интернат лицейінің мұғалімдері Арыстанбекқызы Майра, Оспанова Раушан, Жанмолдаева Әсия, Бакирова Сандуғаш, Акшолакова Нұргүл ашық сабқтар берді. Бұл ашық сабақтарда жаңа технологиялар «Kahoot», топтың жұмыс, кіріктірілген сабақ түрлері қолданылды. Атап айтсақ орыс тілі пәнінің жоғарғы санатты тәжирибелі мұғалімі Майра Арыстанбекқызы география пәнінің мұғалімі Жақсыбергенова Раушан екеуі бірігіп өте сапалы озық әдіспен сабақ өтті. Сонымен қатар Майра Арыстанбекқызы «Не? Қайда? Қашан» атты тақырыпта орыс тілін оқыту тәсілдеріне қолданылатын тапсырмалармен интелектуалдық ойын өткізді. Т.Әлімқұлов атындағы мектеп-интернат лицейінің мұғалімі Акшолакова Нұргүл «Сыни ойлау» тақырыбында коучинг өткізді. Семинарда өткізілген ашық сабақтар іс-шаралар жоғары бағаланды. Семинарда өткізілген мултьфильм «Маша және Аю» кейіпкерлерінің қатысуымен өткізілген психологиялық тренинг мұғалімдерді біраз серпілтіп тастады. Семинар аталмыш мектептің өнерпаздарының ұйымдастыруымен өткен концертпен аяқталды.
Оспанова Раушан
ОҚО, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы,
Т.Әлімқұлов атындағы
мектеп- интернат лицейінің
орыс тілі пәнінің мұғалімі