Home » Балабақша » Жаңалыққа бетбұрыс

Жаңалыққа бетбұрыс

     Астана қаласының білім басқармасына қарасты «Білім беруді жаңғырту орталығы» жаңашылдыққа бет бұрды. Олай дейтініміз орталықтың мектепке дейінгі білім беру бөлімінің ұйымдастырумен Астана қаласының Ж. Жабаев атындағы №4 мектеп гимназия ғимаратында «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында критериалды бағалау» атты семинар тренинг өтті. Ол жерге қалалық мектепке дейінгі білім ордаларының әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты. Топтық жұмыстарға бөліне отырып,  Білім беруді жаңғырту орталығының мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы Нұғман Ақмоншақ Нұртазақызы сондай ақ №40 орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі Есіл Жұмагүл Балтабайқызы, №75 «Балалық шақ» балабақшасының меңгерушісі Нұрмағанбетова Айман Нұрсейтовна «Сауат ашу» дәрісін оқыса  «Математика» сабағын Білім беруді жаңғырту орталығының мектепке дейінгі білім беру бөлімінің әдіскері Амирхамзина Райгуль Гильмановна мен №4 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Исмаилова Арай Жалеловна,  №46«Самал» балабақшасының меңгерушісі Кайыргалиева Балауса Төлеуғалиқызы  бірлесе өткізді. «Жаратылыстану» бұл сала өз алдына бір ғылым болғандықтан білім беруді жаңғырту орталығының мектепке дейінгі білім беру бөлімінің әдіскері Тусупова Дидар Тлеутаевна, №64 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі, тренер; Султанова Гульшира Кожахметовна, №89 «Қыз Жібек» балабақшасының меңгерушісі Атаканова Сауле Калиевна кеңестер айтып, пікір бөлісті. Білім беруді жаңғырту орталығының мектепке дейінгі білім беру бөлімінің әдіскері Байманова Лязат Хасеновна, №25 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, тренер; Сероштан Наталья Борисовна, №33«Алтын дән» балабақшасының әдіскері Мухиденова Жұлдыз Амантаевна «Математика Обучение грамоте» тақырыптары бойынша шеберлік сынып жасады.

Астана қаласы, Білім беруді жаңғырту орталығының мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы Ақмоншақ Нұртазақызы; Критериалды бағалау жүйесі туралы соның ішінде  қалыптастырушы бағалауға басымдық қоя отырып балабақша әдіскерлеріне жалпы түсінік берілді. Жаңартылған білім беру мазмұны аясында биылғы жылы балабақша педагогтарын біліктілік курстарынан өткізу жоспарда. Осыған орай біз алдын ала  ақпарат беріп бастауыш пен балабақша сабақтастығына мән бере отырып бастауыш сынып тренерлері мен балабақша меңгерушілері топта жұмыс ұйымдастырып тәжірибеде қалай өтетінін көрсетті.
     Бұл тәжірибе алмасу сыныптарында тәрбиешілер

мен  әдіскерлер бағалау туралы ақпарат алады, күнделікті бағалау түрлерімен салыстырады, келешекте оқу қызметінде қолданады, сапалы нәтижеге әкелетін критерийлер құру арқылы бағалауды білетін болады деп күтілуде.
Жалпы педагогтардың семинардан алған әсерлері өте жоғары болып көрінді. Жаңа бағдарламаға байланысты жиі семинар, оқу тренингтері, шебер сыныптар өткізілу керектігі туралы ұсыныстар айтылды. (ол жайында ұйымдастырушылар ескерер)

 

Қуантай АМАНТАЙҰЛЫ
«Білім айнасы»
Нұр-Сұлтан  қаласы 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.