Home » Мақалалар » ЖАҢАЛЫҚҚА БАСТАҒАН — ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА

ЖАҢАЛЫҚҚА БАСТАҒАН — ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА

Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар
№13 жалпыға білім беретін орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Бестаева Ақманат Бахтыбайқызы
Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылы

 

Мемлекетіміздің дамуы өскелең ұрпаққа байланысты, ал оның білімді де білікті болуы, білім беру бағдарламасының жүйелі де мазмұнды құрылымында…
Уақыт бір орнында тұрмайды, тіршілік әрбір секунд сайын өзгеруде. Ал, біз сол өзгерістерден қалып қоймауымыз керек. «Егемен Қазақстан» газетінде: «80-ші жылдардың ортасында көптеген дамыған елдер білім берудің жаңа үлгісіне көшу туралы қорытындыға келді. Ол, әсіресе, білімнің сапалық көрсеткішіне, функционалды сауаттылығына негізделуі тиіс болды. Яғни, адамның білімділігі емес, қаншалықты біліп істейтін бесаспаптығы және алған білімін күнделікті өмірде қалай қолдана алатындығы алға шықты. «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы» елдері бірінен соң бірі мектептерде білім берудің жаңартылған үрдісіне көше бастады. Бұл үдеріс 90-жылдардың ортасына қарай аяқталды. 1997 жылы жоғарыда айтылған елдерде жаңартылған мазмұнды бағамдаудың бірыңғай стандарты туралы шешім қабылданды, ол «PISA» деп аталды» — деп жазылған. Аталған бағдарлама оңтайлы, жақсы нәтижеге жеткендіктен, биылғы оқу жылында барша мектептерге енгізілді. Жаңартылған бағдарлама «Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған мемелекеттік бағдарламасы» аясында бекітілді. Яғни, толық көшу төрт жыл көлемінде жүзеге асатын болады.
Елбасымыз «Қазақстан 2050» стратегиясында «Сәт сайын құбылған аласапыран заманға сай амал болу керек. Ең жақсы жоспар — уақыт талабына бейімделе алатын жоспар. Біздің мақсатымыз — елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік ел» ету!» — халыққа жолдауында нақты айтқан бағытты өзіме басшылыққа ала отырып жұмысымды жоспарлауға тырысамын.
Біз, ұстаздар қауымы елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауын іске асырып, дамыған мемлекеттермен терезесі тең, білімі жоғары болатын мемлекетке айналуына үлесімізді қосуымыз керек!!!
Жалпы білім беру мекемелері 2016-2017 оқу жылында жаңартылған оқу жүйесіне көшудің қадамын бастап кетті. Еліміздің барлық мектептерінің табалдырығын аттаған әрбір 1-сынып оқушысы жаңартылған бағдарламамен оқып жатыр. Мектеп ұстаздары үшін күнделікті дәстүрлі сабақ құрылымы мен қойылатын мақсаттарынан бастап кітаптар, баға қою жүйесі, оқу аптасы түбегейлі өзгеріске ұшырап, бескүндік оқу аптасы, білім берудің үштілді жүйесі, оқу жүйесінің ұзартылуы енгізілді. Бағдарламаның жаңаруы елімізге үлкен жақсы өзгерістер алып келеді. Себебі, бұл бағдарлама дамыған 30 мемлекеттің қатарына кірудің бірден-бір жолы деп ойлаймын. Жоғарыда аталған мақсат, міндеттерді жүзеге асыру барысында, ағымдағы жылдың 30.02.2017 аралығында Талғар ауданы №13 ЖББ орта мектептің базасында арнайы бастауыш қазақ сыныптарына арналған «Жаңартылған білім беру аясында бастауыш сынып мұғалімдерінің білімдерін жетілдіру «Өрлеу» біліктілік арттырудың ұлттық орталығы АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен өткізілген курста өз білімімді жетілдіріп жатырмын. Курстың мақсаты: Бастауыш сынып пәндері бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.  Біліктілікті арттыру курс барысында мұғалімдер жаңартылған бағдарлама аясында оқытудың жаңа әдіс — тәсілдерін, білім беру саласындағы өзгерістердің шарттары мен бастауыш сыныпта оқытылатын пәндердің мазмұны мен критериалды бағалау жүйесімен «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Басқару және білім сапасы» кафедрасының аға оқытушысы, трейнер К.К.Фазлыева жүргізген тренингтер арқылы танысып, білдік. Курс барысын ықшам сабақтар қорғау арқылы пәндерді дұрыс жоспарлау жолын меңгердік. Оқушылардың бойына рухани құндылықтар мен дағдылардың дамыту жолдары, атап айтсақ рухани құндылықтардан: шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас жасау қабілеті, өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау, жауапкершілік, денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету, өмір бойы оқуға дайын болу болса, сын тұрғысынан ойлау, білімді шығармашылық тұрғыдан қолдана білу, проблемаларды шешу, жеке және топпен жұмыс істей білу қабілеттері мен ғылыми-зерттеу, қарым-қатынас, АКТ саласындағы дағдыларын оқушылар бойына қалыптастыруымыз қажет. Білім беру бағдарламасы, оқыту тәсілдері, бағалау осы үшеуінің үйлесімді болуы оқушы табысын арттырады. Оқыту жүйесіндегі негізгі құрамдас бөліктерінің бірі-бағалау. Бағалау-оқушыларға қажетті ақпаратты жеткізуге және олардың жетістіктеріне қолдау көрсетуге көмектесетініне сенімді болуы керек. Бағалау түрлері: қалыптастырушы және жиындық бағалау болып екіге бөлінеді. Қалыптастырушы бағалау- сыныптағы күнделікті жұмыс барысында жүзеге асырылып, оқушының ағымдағы оқу үлгерімінің көрсеткіші болса, ал жиындық бағалау-оқу циклдері мен сатылары аяқталғанда жүзеге асырылып, оқушының белгілі бір кезеңдегі дайындық деңгейінің көрсеткіші болып табылады. Салыстыра қарасақ, дәстүрлі оқу мен жаңа бағдарлама жүйесіндегі өзгерістерді айқын байқаймыз. Осы жаңартылған білім беру аясында бастауыш сынып мұғалімдерінің білімдерін жетілдіру «Өрлеу» біліктілік арттыру  курстан алған білімімді одан әрі шыңдап, жұмыс жүйесінде сенімді қолданамын.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.