№102 ЖББМ КММ 2018 жылғы 11-12 қазан күндері, 172 мектеп –гимназия базасында өткізілген Өзін-өзі тану пәні бойынша олимпиадаға мектеп оқушылары қатысып жүлделі III-орынға ие болды
Мектебіміз өзін-өзі тану бағытында оқушылармен күнделікті жұмыс атқарып жүрген Базарғалиева Н.Ә. еңбегі ерен. Оқушылардың көңіліне жол табуда және олардың ішкі дүниесінің рухани құндылықтарды қалыптастыруда Назерке Әсемханқызының еңбегі зор.
Адамгершілікке,кішіпейіліділікке, жақсы сөйлеу білу әдебін үйрену, әр сынып оқушыларының жылы лебіздерімен өзара бөлісу.
Дұрыс әрекет жалпы адамзаттық құндылық ретінде жеке тұлға бойына жақсы сөздер арқылы сіңіру
Жеке тұлға бойына дұрыс әрекеттерге тән қасиеттерді қалыптастыру
Қорытынды. «Екі жұлдыз бір тілек». Бірінші жұлдыз: мектебімізде жақсы тілек тілеу ойынын ойнатқаныңыз үшін беріледі, екінші жұлдыз көңіл күйдегі шаттық пен қуанышты сәттер жақсы сөйлеу әдебін сіңіргеніңіз үшін беріледі. Бір тілек жақсы тілек, әдепті сөйлеу адамгершілік қасиеттер әр тұлға да қалыптасса екен.
«Өзін-өзі тану» курсы адамның өзін-өзі табуына, ең жақсы қасиеттерін ашуға, өзінің кейпін өзгертпеуге, адамгершілігін және әрқашан адам қалпын сақтауға көмектеседі. Негізінде, адамзат тарихының өзі адамгершілік тұрғысынан өзін-өзі жетілдірудің тұрақты және үздіксіз процесі болып табылады. Назарбаева Сара Алпысқызы.
Дұрыс әрекет — жүректен шығып, сосын сөз ретінде бейнеленетін және іс жүзінде қолданылатын құндылық.
Сіз өзіңізге сақ болуыңыз керек.
Ішкі, сыртқы сезіміңізге жиі құлақ салыңыз.
Өз сезіміңізді ашық ұстай білсеңіз өмірде дұрыс жолмен келе жатқаныңызды байқайсыз.
Өмір — ол ойын. Кейде қатал, кейде қайғылы болады. Сол ойын арқылы ғана үйренеміз.
Біз өз өміріміздің жауапкершілігін өз қолымызға алуымыз керек.
Ішкі сезімімізге үңіліп ойымызды өзгертсек,қоршаған ортада өзгерер еді. Сіз ойлағаныңызға жетуіңіз үшін, қылығыңыз бен ойыңызды өзгертуіңіз керек.
Әр сабақ сайын баланың бойынан құндылықтарды шығара білуіміз керек. Бұнда балалардың бойынан дұрыс әрекетке, риясыз жақсылық жасауға, дұрыс ойлауға, дұрыс сөйлеуге, парызды орындауға ризашылық алуға, дұрыс шешім жасауға, қанағат етуге, әдеп сақтауға, қарсыласпай, іштей икемделуге үйретіп қана қоймай ізгілікті бойынан шығара білуіміз керек.
Ауэлбекова Г.У.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: