Штабаева Салтанат Серікқызы 1973 жылы қарашаның 19-шы жұлдызында Түркістан облысы, Түлкібас ауданында, Еңбек ауылында дүниеге келген. Қазір осы Түлкібас ауданының Мыңбай ауылының тұрғыны. Осы Мыңбай ауылында 1998 жылы шаңырақ көтерген. Отбасына сыйлы келін, адал жар, аяулы ана. Бір ұл, бір қыз тәрбиелеп өсіріп отыр. Өзінің жеке кәсіпкерлігін ашып, ауылда дүкен мен наубайхананы ауыл тұрғындарының игілігіне жүргізіп отыр. 2018 жылдың маусым айында 50 орын, яғни 50 балаға арналған балабақша ашып, ауыл тұрғындарының алғысына бөленді. Қазір бұл балабақшада 20 адам (бәрін қоса алғанда) қызмет жасайды. Ауылда қаншама бос жүрген жастар жұмыспен қамтылып отыр. Ал қазіргі уақытта тағы қосымша 50 орынды, 50 балаға арналған балабақшаның құрылысын жүргізуде яғни балабақша 100 орын,100 балаға арналған. Бұл балабақша құрылысы аяқталған соң тағы біраз ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылатын болады. Ол балабақшаның құрылысы осы жылдың маусым айында аяқталады деп жоспарланып отыр. 1994 жылы Салтанат Серікқызы Ташкент қаласындағы «Жиззак» колледжін» бітіріп, тәрбиеші мамандығын алып шыққан. Шымкент қаласында 7 жыл бойы өз мамандығы бойынша жұмыс атқарған. Содан да болар өз мамандығын сүйіп өмірін балабақшамен ұштастырып отырғаны. Салтанат Серікқызы 2 ші топтағы мүгедек болсада осындай жұмыстарды атқарып, ауыл тұрғындарының қала асып, дала кезіп жұмыс іздеп кетпеуіне осылай өз үлесін қосып отыр. Салтанат Серікқызына ауыл тұрғыны ретінде де, балабақша әдіскері ретінде де өз алғысымды айтамын. Деніне саулық, отбасына амандық тілей отырып, діттеген мақсаттары орындала берсін демекпін.
Бимусаева Балжан Дүйсебекқызы,
«Тайкелтір» бөбекжай балабақшасының әдіскері