Home » Мақалалар » ЖАҚСЫНЫҢ АТЫ ӨЛМЕЙДІ

ЖАҚСЫНЫҢ АТЫ ӨЛМЕЙДІ

    Шәкен атамызды Қазақ кино әлемінің жарқын жұлдызы десек, артық айтпағанымыз болар. Бар өмірін кино саласына арнаған актер, режиссер жайлы ұзақ әңгімелеуге болады. Шәкен ата 1914 жылы 15 ақпанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген.
1938 жылдан бастап, Шәкен Айманов кинофильмдерге түссе, 1954 жылдан бастап, режиссер ретінде өз фильмдерін түсірген. Ол кез —  келген бейнені кереметтей суреттей білген өз мамандығының хас шебері. Дарынды актер әрі режиссер қазақ киносының негізін қалаушылардың бірі. 1959 жылы КСРО Халық әртісі атағына ие болды. Ол туралы құнды деректердің барлығы дерлік, Баянауыл ауданының Баянауыл ауылындағы Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатының музейінде сақтаулы. Шәкен Кенжетайұлы  кино индустриясында ұмытылмастай туындылар қалдырды. Туындылары қазақ еліне танылып, қазақ кино саласының алтын қорынан ойып тұрып орын алды. Мектеп мұражайында Шәкен Аймановтың өмірі мен шығармашылық ізденістерге толы еңбек жолы туралы құнды деректер, фотосуреттер, Шәкен Айманов жайлы кітаптар мен журналдар сақталған.

Биыл мектебіміздің ашылғанына 80 жыл! Осы мерейтой аясында мұражайға келушілер саны артуда. ”Жақсының аты өлмейді” демекші, қазақ өнерінің майталманы, Қазақ кино индустриясына айырықша үлес қосқан халықтың сүйікті актеры, режиссеры Шәкен Кенжетайұлы Аймановты елі, миллиондаған көрермені ешқашан ұмытпайды. Ал оның өмірі мен творчествосы қызықтырған барша ағайынды Ш.Айманов атындағы мектеп мұражайы қуана қарсы алады.

                                       ОМАРОВА Альфия,
Ш.Айманов атындағы мектеп- интернатының
11 “А” сынып оқушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.