Home » Айтарым бар » Жақсылық пен мейірімділікке толы күн аясында

Жақсылық пен мейірімділікке толы күн аясында

Бүгінгі күні мектептің басты мақсаты және міндеті азаматтық құндылықтарға тоғысқан мәдениетті, білімді, шығармашылықпен айналысуға қалыптасқан, алдына мақсат қоя білетін және сол мақсатқа жету жолында табандылық көрсететін белсенді тұлға қалыптастыру. «Өзін-өзі тану» пәнінің басты мақсаты ұл-қыздарымызды жеке өзі және өзін қоршаған ортамен үйлесімділікпен өмір сүруге баулу. Адамгершілік ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмір ата-анасына, ең жақын адамдарына жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Ағымдағы жылдың 2-12 ақпан аралығында Лекер жалпы негізігі білім беру мектебінде «Бөбек» қайрымдылық қорының негізін қалаушы, «Өзін- өзі тану» атты рухани-адамгершілік білім беру идеясының авторы Сара Алпысқызының туған күніне байланысты «Өзін-өзі тану : Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік өтті. Тәрбие ісінің меңгеруші Намазова А.М. мектепішілік салтанатты ашылу рәсімін өткізіп, жұмыс жоспарымен таныстырды. Кітапханашы Капезова Б.С. «Мейірім төгетін ана» тақырыбында кітап көрмесін оқушыларға ұсынды. Мектеп психологы Назымбекова Ж.Д. «Отбасы-алтын бесігім» тақырыбында оқушылармен тренинг өткізді. Әлеуметтік педагог Айгерім Айдосқызының ұйымдастыруымен «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясы өтті. Акцияда мектеп мұғалімдерінің көмегімен оқушыларға мектеп құрал-жабдықтары таратылып берілді. Сурет пәні мұғалімі Абежанов Р.К. «Ана, мейірім бейбітшілік және достық» тақырыбына сурет көрмесін жасаса, мектеп тәлімгері Әбіш Қ.Т. «Жас ұлан» ұйымының мүшелерімен «Флешмоб» ұйымдастырды. Бастауыш сынып мұғалімі Тасыбаева Қ.К «Алтын жүректі анамыз» атты мәнерлеп оқу әдебиет кеші ұйымдастырылды. Оқушылар жүрекжарды өлеңдерін тартымды жеткізе білді. Бұл кеште Марат Аңсат өз шығармашылығын ортаға салды. Өзін –өзі тану пәні мұғалімдері: Мамырбекова Г.Қ. 2-сыныпта «Дос бала білейік» тақырыбында, Сабданбекова Г.Т. 9-сыныпта «Әдептен озбайық» тақырыбында ашық сабақтар өткізді. Оқушылар жүрекжарды өлеңдерін тартымды жеткізе білді. Барлық сыныптарда «Мейірімділік асыл қасиет» атты сынып сағаттары өткізілді. Өнерлі, талантты оқушылардың қатысуымен «Әң көңілдің ажары» тақырыбында ән байқауы өткізілді.
Онкүндіктің соңында шығармашылық қабілеттерін байқатқан, сурет, ән, би өнерлерінен үздік деп танылған оқушылар «Өзін-өзі тану» пәніне қызығушылығы жоғары екендіктерін байқатты. Себебі бұл жас жеткіншектерімізді шығармашылыққа үйрете отырып, табиғаттағы құбылыстар мен адамдардың бір-біріне мейірімділігін, татулығын, өмірге деген құштарлығын, елімізге, отбасымызға, қоршаған ортамызға деген сүйіспеншілігін айқындайтын, жетелейтін сабақ. Қазіргі таңда әр баланың саналы азамат болып қалыптасуына бұл пәннің берері мол деп сенім білдіргім келеді.

Сабданбекова Гульмира Темиртасовна,
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы,
Лекер жалпы негізгі білім беру мектебі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.