Көктемнің шуақты мейрамы Наурыз мерекесін бәрі де асыға күтіп, ерекше құрмет көрсетеді. Соған орай, 19 наурызда Шымкент қалалық Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп- гимназиясының ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел- ұлт мұратының айнасы» атты қалалық семинары Наурыз мерекесімен ұштасып, семинар тақырыбын тереңдете аша түсті. Аталған семинарды мектеп – гимназия директоры Сандыбаева Гулхан Тұрсыметқызы салтанатты түрде ашып, семинарға қатысушыларға алғысын білдіріп, Наурыз – жыл басы ғана емес, береке-бірліктің, ізгілік пен татулықтың, ауызбіршіліктің, бауырмалдықтың мерекесі екенін айтып өтті.
Шарада жаңартылған білім беру аясында сапалы білім беру жолдары және әдіс-тәсілдерімен тірек мектеп ретінде өзге қалалық мектеп оқытушыларымен бөлісіп, қолдау көрсетті. Сонымен қатар,
- Ұстаздардың педагогикалық шеберліктерінің деңгейін үздіксіз жетілдіру, ғылыми-теориялық және әдістемелік білімін, кәсіби құзыреттілігін арттыру;
- Құндылықтарды бойына сіңірген, жаңалықтар мен идеяларды прагматикалық бағалауға қабілетті, функционалды сауатты тұлға тәрбиелеу;
- «Атамекен» бағдарламасы «Туған жер» арнайы жоба аясында елге танымал азаматтардың еңбектерін дәріптеу;
- Оқушыларды білім алуға, оны талдауға, құрылымдауға, алған мәліметін өзін жетілдіруге пайдалануға үйрету, ішкі мүмкіндіктерді ашу;
сынды мақсат- міндеттерін ашып көрсете білді.
Мектеп ұстаздары келген қонақтар мен оқытушыларға коучинг – сессиялар мен семинар сабақтарды жоғары деңгейде өтті. Атап айтар болсақ, Матова Шынар және Серікбаева Рахима «Мәңгілік ел құндылықтарын оқыту арқылы бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру» тақырыбында коучинг — сессия өтті. Жусупбекова Фатима семинар-сабағында қазақ халқының киіз үйін заманауи технологиялармен жабдықтау жобасын басшылыққа алған. Жунусова Б. 6 сынып оқушыларына «Наурыздағы бата — тілектер» тақырыбындағы сабақты қойылым ретінде керемет ұйымдастыра білген.
Әз- Наурыз №64 мектеп — гимназия ұстаздары мен оқушыларының есінде тағы бір жағымды жаңалықпен есте қалары сөзсіз, атап айтар болсақ, гимназияның алғашқы, қадірлі басшылары Садықбекова Зәуре Садықбекқызы және Асылбекова Зейнегүл Атабекқызы, сонымен қатар белгілі кәсіпкер Досқабылова Кәусар мектебімізге демеушілік жасап, физика, орыс тілі және технология пәні кабинеттерін заманауи деңгейде жабдықтап, қолданысқа ұсынды.
Келген қатысушылар, қонақтар риза болып, Наурыз мейрамына арналған дастарханнан дәм татып, мектеп әкімшілігі ұйымдастырған кәдесыйлар таратылды.
Бану Алимбекова,
Ж. Аймауытов атындағы № 64 мектеп-гимназиясы
технология пәнінің І деңгейлі мұғалімі, мектеп тренері
Шымкент қаласы