Home » Ашық сабақтар » Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Хозина Г

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Хозина Г

 

Мақсаты: Адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болу мақсатында мысалдар келтіру арқылы  тәрбиелеге баулу. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін және сөздік қорын молайту.
Міндеттері: Жақсы, жаман туралы түсінік беру;
жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту;
Шаттық шеңбері.
Балалар сабақты  бір-бірімізге жақсы лебіздерімізді білдіру арқылы бастайық.

—  Сабағымызды жақсы оқиық.

— Ата-аналарыңның мақтанышы болуларыңды тілеймін.

—  Аспанымыз ашық болсын.

—  Бәріміз дос болайық.

—    Деніміз сау болсын.

—   Сыныбымызбен үнемі алда болайық.

—  Балалар, біз сабағымызды бір-біріміге жақсы тілек айтудан бастаған себебі бүгінгі сабақтың тақырыбы «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп аталады.
Ендеше жамандық пен жақсылық туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Алтынбек: Үлкенді сыйласаң, елге сыйлы боласың.
Жандос: Әдептілік белгісі-иіліп сәлем берген
Алихан: Үлкенге құрмет, кішіге ізет.
Ерболсын: Сәлем сөздің анасы.
Мұғалім сөзі: жарайсыңдар, балалар, қазақ халқында «Сәлем- сөздің анасы» деген жақсы сөз бар. Бұл сөздің мағынасына мән беру әдептіліктің, адамгершіліктің баспалдағы. Адамның қандай екенің оның сәлемдесуінен аңғаруға болады. Сондықтан амандасудың өзіндік бір  ережелері бар деуге болады.
Мысалы:
Дарина: — Таныс адам алыс жерден келсе, оған барып амандасқан жөн.
Абуали: — Ассалаумағалейкум, деп амандасқанда қолғапты шешу керек.
Исламбек: Сәлемдескенде амандасатын адамға жылы қарау керек.
Махаббат: Жас ерекшеліктеріне қарай сәлем берудің мәні де бар.
Мұғалім: ендеше балалар, барлығымыз бірге «Ізгі сөздер» өлеңін айтайық.
Ұл-қыз сәлем береміз
Өнегелі өренбіз.
Білер қазақ баласы:
«Сәлем- сөздің анасы».

  • Балалар, қозғалмалы ойын ойнайық. (Онда үлкен көрнекілік автобус көлігі, оның ішінде жүргізуші, отыратын екі-үш бала және де әже рөлінде ойнайтын қыз бала).

Ойын: Қозғалмалы ойын. Автобус ішіндегі көрініс.

  • Балалар, сендердің үйлеріңде әжелерің бар ма? Ендеше, мынау біздің әжеміз, ол сендерге базардан алма сатып әкелмекші. Ол үшін қандай көлікке отыруы керек?
  • Автобус көлігіне.
  • Ендеше, аялдамадан автобус күтейік. (Әже аялдамада тұрады).

Автобус жүргізушісі аялдамаға келіп тоқтайды. Ішіне әжей кіреді. Сол кезде оған ешкім орын бермейді.

  • Балалар, қараңдаршы осы көрініс дұрыс па?, әлде бұрыс па?

Балалар еркін түрде өздерінің ойларын айтуға тиіс.

-Жоқ дұрыс емес, үлкен кісіге орын беру керек. Біз үлкендерді сыйлауымыз керек. Амандасуымыз керек. Орнымыздан тұрып: «Сіз отырыңыз» деуіміз керек деп көптеген сөздер айтып,өз ойларын білдіреді.

— Дұрыс айтасыңдар балалар, біз үлкендерді сыйлауымыз керек, амандасып, орнымыздан тұрып орнымызды ұсынуымыз керек -деп тұрып тұрған әжейге орын беріп, отырғызу.

Автобусымыз баратын жеріне жетіп, әжеміз автобустан түсіп базарға келеді. Базардан алма сатып алады.

  • Міне, балалар, сендерге әжелерің базардан алма сатып әперді. Енді барлығымыз бірге «Не деу керек?» өлеңін айтайық.

Апаң сенің базардан,

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін, жақсысын,

Саған таңдап әперді,

Не деп барып, жеу керек?,

— Рахмет, сізге деу керек.

Сергіту сәті.

Сәлден соң есік қағылып, сыныпқа  Дымбілмес кіреді.(Бастауыш оқушысы).

Бізге қонаққа Дымбілмес келіпті.

— Сәлеметсіздер ме, балалар!  Мені бәрі Дымбілмес дейді. Мен өзім білмеген соң маған сендердің көмектерің керек болып тұр. Маған көмектесесіңдер ме?

Мен суреттер алып келдім. Осы суреттердің жаманын қара қалтаға , жақсысын қызыл қалтаға салу керек. Мен үшін бәрі де жақсы сияқты Мен бәрін де қызыл қалтаға салып қоя беремін.Соны анықтауға көмектесесіңдер ме?

Мына суретке қараймыз, не көріп тұрмыз? Қыз бала мен ұл бала ағаш отырғызып  жатыр. Бұл  қандай балалар? Жақсы.

—         Отырғызып қойған ағашты бала келіп сындырып жатыр. Бұл қандай бала? Жаман.

—         Ендігі суретте не көріп отырсыңдар?

—         Бұл суретте бала ағашқа шығып, құстың ұясын бұзып жатыр. Бұл қандай бала? Жаман бала.

—         Ал, мына суретте не көріп тұрсыңдар? Бала құстарға ұя жасап, талға іліп қойды. Қандай бала?

—         Жақсы.

Өте жақсы, енді екінші тапсырма.

—         Сендер ата-аналарыңа көмектесесіңдер ме?

—         Кәне, қалай көмектеседі екенсіңдер көрейік.

Тәрбиеші:  — Біз үлкенді қалай құрметтейміз, қалай сыйлаймыз?

Нұрмұхамет: Үлкеннен бұрын сөйлемеу, алдын кеспей құрметтеу керек

Дильназ:

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса,

Үлкен болған кезінде,

Сыйлы болмақ өзі де.

Ш. Дильназ:

Апам үшін күнде мен,

Отын ағаш жарамын.

Су құямын гүлге де,

Дүкенге де барамын.

Ахмет :

Сыпырамын үй ішін,

Жуам ыдыс – табақты.

Апам бірақ мен үшін,

Оқымайды сабақты.
Негеш: Балалар, сендер өте тәрбиелі, жақсы мен жаманды ажырата біледі екенсіңдер, үлкенді сыйлай білетін, құрмет көрсете білетін жақсы балалар екенсіңдер. Мен сендерге риза болдым. Сендерге рахмет- деп кластан шығып кетеді.
-Сонымен балалар,  жақсы бала қандай болады?
Таза жүректі,  әдепті,  үлкенді тыңдайтын, кішіге қамқор болатын.
Ырыс: Жақсылыққа құштармыз,
Жақсы адам болып шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс.
Көлік ішінде егде адамдарға не істейміз?
Үлкенге орын беру. Амандасу. Ұлдар аталарды көргенде «Ассалаумағалейкум» десе, апа, әже, апайларды көргенде «Сәлеметсіз бе?» деу керек.
Қорытынды:
—    Дымбілместің  әкелген тапсырмаларын орындадыңдар. Біздің балалар жамандық пен жақсылықты ажырата біледі.Көптеген тәрбиелі мол түсініктер алды.Сабағымды аяқтамас бұрын, Ұлы ақын Абай атамыздың нақыл да, тәрбиелі өлеңін оқып берейін

(Абай атаның суреті) көрсету.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол.

Адам болам десеңіз,

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек бекер мал шашпақ.

Бес дұшпанын білсеңіз,

Талап,еңбек терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой.

— Балалар, сендер осы Абай аталарыңның нақыл өлеңін мәңгі жадыларыңда сақтап, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп,әрқашанда білімді,еңбекқор,өтірік айтпай, мақтаншақ болмай,тәрбиелі азамат пен азаматшалар болып өсулеріңе тілектеспін.

Мұғалім:

  • Балалар бүгінгі сабақтан өздеріңе не алдыңдар?
  • Не түсініксіз болды?
  • Қазір нақты ұнады дегендер алдарыңдағы қағазды алып ақ қалтаға, ұнамағандар қара қалтаға
  • Орташа дегендер қазанға саласыңдар. Яғни әлі де пісірулерің керек.

Бүгінгі сабағымызды өлеңмен аяқтайық

 «Жақсы болу өзіңнен» өлеңін барлығы жатқа айтады.

 Бәрі:

Жақсы болу өзіңнен

Жаман болу өзіңнен

Өзіңді өзің ая да,

Өзің үйрен өзіңнен.

Жамандық  көрсең біреуден

Мен қандаймын?- деп ойла.

Жақсылық көрсең біреуден

Мен сондаймын! – деп ойла.

Мұғалім: Сендер  Еліміздің болашағысыңдар. Сондықтан сендердің бойларыңа тек жақсы мінезді қалыптастырып, үлкен азамат  болуға тілектеспін – деп сабақты аяқтаймын.

 

Хозина Г.Д.
№4 Булаево орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі,
Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.