Home » Жаңалықтар » ЖАС ӨРЕНДЕР ТУҒАН ӨЛКЕ ТАРИХЫМЕН ТАНЫСТЫ

ЖАС ӨРЕНДЕР ТУҒАН ӨЛКЕ ТАРИХЫМЕН ТАНЫСТЫ

Казталовка орта жалпы білім беретін мектебінің 6 а және 6 б сынып оқушылары Аудандық музейде болып, өлке тарихымен танысты.Бұл қадамымыздың мақсаты өскелең ұрпаққа өз өлкесінің тарихы мен табиғатын танып білуге, ел үшін қызмет еткен асыл азаматтардың өмір жолынан үлгі ала білуге ықпал ету.

Сынып жетекшілері Утегенова Набия Төлегенқызы және Роман  Мағжанұлы бастаған, бір топ білім алушылар өлке тарихынан сыр шертер музейді аралап,тың дүниелерге қанықты. Ауданымыздың дамуы жолындағы жетістіктері мен естеліктерін де көріп қайтты.

Отанымыздың тарихын тану, өз өлкеміздің тарихын білуден басталатынын бүгінгі жас өрендер түсіне білсе, елін сүйер ұрпақ көбейері анық.Оқушылардың бойына ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыта білсек, еліміздің болашағы жарқын болары сөзсіз. Өйткені Алаш көсемі Алихан Бөкейханның «Ұлтын сүю — білімнен емес, мінезден» деген даналық сөзі бала бойына жақсы қасиеттерді қалыптастыра алсақ, ол қасиет әдетіне айналып, ал әдет мінезіне айналғанда ғана тұлға есебіндегі ұрпақ өсіп шығатын болады. Ал мінез адамның тағдырына әсер етсе керек.Бұрынғы бабаларымыздың ірі мінезді болуы да осы тектілігінде, ұлтжандылығында, адами қасиеттерінің мол болуында жатқан сияқты.  Осындай мақсатта барған аяқ алысымыз әлі де өз жалғасын табатын болады деген сенімдемін.

 

Есенгазиев Абзал Серікқалиұлы
Казталовка орта жалпы білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.