Home » Айтарым бар » «Жас Ұрпақ» ЖБО Жалпыукраиндық Форумына қатысуы

«Жас Ұрпақ» ЖБО Жалпыукраиндық Форумына қатысуы

2017  жылдың 8 маусым күні  «Өрлеу» БАҰО АҚФ «СҚО ПҚ БАИ»  «Жас ұрпақ» ЖБО мен Запорожье қалалық кеңесі білім және ғылым департаментінің ғылыми-әдістемелік орталығымен халықаралық ынтымастығы (Украина)  «Жас ұрпақ» Жастар бастамасы орталығы  Бірінші  Жалпыукраиндық  «Жас педагогтер қауымдастығы» атты форуымына белсене қатысты.
Форумның тақырыбы «Жас педагогтердің кәсіби және шығармашылық және шығармашылық өзара қарым-қытынасы үшін кеңістікті құру: тәжірибе, бірігу, сенімділік». Форумның мақсаты- жас педагогтердің  бірігуін, заманауи жаңғыртылған өзара қарым-қатынас ету тәртібі негізінде, жас педагогтердің кәсіби ынтымақтастығы үшін шоғырландыру аймағын құру.
Іс шара жұмысына  обылысымыздың жас педагогтері және М.Қозыбаев атындағы СҚМУ педагогикалық факультетінің студеттері шықырылды.

Форумның бағдарламасы:

  • Сәлемдесу және делегациямен таныстыру;
  • Делегация атынан спикердің сөз сөйлеуі.

Форум жұмысы барысына белсене қатысқандар Сергей Ильиченко ЗҚК Қалалық жастар Кеңесінің басшысы; Оксана Гусак Білім және ғылым басқармасы ЗҚК ғылыми-әдістемелік орталығының меңгерушісі; Кабдирова Айнагуль және Алексей Деревянкин «Өрлеу» БАҰО АҚФ «СҚО ПҚ БАИ» қызметкерлері;  Яна Грединалова-Привалова Украина табысты педагогтер клубының мүшесі; Максим Лепский ЗҰУ әлеуметтану және басқару факультетінің оқытушысы.«Жас ұрпақ» Жастар бастамасы орталығының Президенті Кабдирова Айнагул орталық қызметі жайында презентациямен сөз алды. Ол өз сөзінде: «Қазақстандағы біліктілікті арттыру жүйесінде – бұл ең бірінші және бір дара жастардың бірігу орталығы.  Біздің орталығымызда 23 қатысушы бар және  әрқайсысы  да әртүлі саланың мамандары. Біз жаспыз, бірақ та, біз, біліктілікті арттыру жүйесінде қызмет жасаудамыз. Ғылыми конференцияларды, семинарларды, брифингтерді, бір қатар акцияларды, әртүрлі бағыттағы флешмобтарды ұйымдастырамыз. Облысымыздағы жас педагогтердің париотизмін   және азаматтылығын жоғарылатуға, қайырымдылық көмекке және  әлеуметтік қолдауды жүзеге асыруға, жастар арасындағы салауатты өмір салтын ұстануды насихаттауға арналады. Біздің орталықта жастардың жігерін арттыратын өз әнұранымыз,  бірегей логотипіміз, ұжымдық формамыз бар. Орталық жас педагогтер үшін үлкен мүмкіндіктерге қол жеткізуге, күшімізді жұмылдырып ортақ мақсатқа, мұғалімнің кәсіби беделін арттыруға қол жеткізудің бірден-бір  жолы» – деп ЖБО Президенті Кабдирова Айнагүл атап айтты. TED – конференция форматында «Педагогикалық міндеттерді жүзеге асырудағы заманауи АКТ» тақырыбы бойынша Деревянкин Алексей  берілген бағыттар аясында серіктестіктің іс-әрекеті бойынша, авторлық ұсыныстар енгізіп, заманауи АКТ негізгі бағыттарына қысқаша шолу жасап, өз баяндамасын ұсынды. Біздің украиндық әріптестерімізге телекөпірдегі жұмыс үшін алғыс білдіріп, берілген сұхбаттан біздің кәсіби ынтымақтастығымыз – дамудың жаңа,  сапалы деңгейіне шығуына мүмкіндік береді деген сенімдеміз.

А.Д.Мухамадиева

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.