Home » Мақалалар » Жас ұрпақты жаңаша тәрбиелеудің алтын кілті — «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»

Жас ұрпақты жаңаша тәрбиелеудің алтын кілті — «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»

Егеменді елдің болашағы – жастар ал, жастар бойындағы рухани жаңғыру және отаншылдық қасиеттерді бала бойына тал бесіктен дамыту және тәрбиені жоғарғы еңгейде көрсету біздің парызымыз. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Болашақ – жастардікі, тәуелсіз Қазақстанның тірегі – бүгінгі мектеп оқушылары» — деп үнемі еске салып отыруы, тәрбие жұмыстарын жоғарғы деңгейде көрсетуді меңзейді.
Біздің мақсатымыз: балалалардың алған білімін қорытындылау, алғыр да тапқыр баланы  анықтау, үлгілі де тәрбиелі, дені сау болып өсуге тәрбиелеу. Ақыл-ойын,  жылдам ойлауын, ептілігін, шығармашылығын дамыту.  Баланың  бойындағы мүмкіндігі  мен қабілетін анықтап, соған сәйкес  бағдарлы тәрбие беру.Тәрбиешіге қойылған талаптар балаларды пәндік дағыларға үйрету, ойын, оқу еңбегіне жаттықтыру. Баланың жеке басының адам болып қалыптасуына  көңіл бөле отырып, оның жеке басының ерекшеліктеріне қарай оның жарасымды өсіп, жетілуін қалыптастыру.  Бұл жолда үлкен ізденіс, парасат қажет. Ендеше, тәрбиешінің әр күні ізденіспен, ертеңгі азаматты қалыптастыру жауапкершілігімен ұштасып жатады.

Ендеше, олардың әрқайсысының еңбегі қашанда құрметке лайық деп білемін. Еліміздің болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік – білім беру мекемесі – тәрбиеші. Сондықтан да, қазіргі заманға сай ізденіс үстінде  жүріп, жыл сайын  тәжірбиесін жаңартып, өзіне таңсық нәрселерді үздіксіз ізденіп, білгенін  үйретіп  білмегенін үйреніп жатса, нұр үстіне  нұр болады,- деп ойлаймын. Көптеген қағидалардың барлығы біздің күнделікті жұмысымызда басшылыққа алынуға тиіс екенін ұмытпаймын.

Көптеген жылдар бойы тәрбиеші болып жүріп, түйгенім – тәрбиешілік еңбекке, мен басы бүтін бой ұсынып, әбден қалыптастым. Бүгінде балаларға мейірім төге отырып, биік белестерге жетуіне жауапты екенімді ешуақытта естен шығармаймын.

 

Мусабекова Тұрсынай Тәңірбергенқызы,
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы
Шәкен Айманов атындағы мектеп-интернатының
даярлық топ тәрбиешісі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.