Елдің ертеңі — бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры — ұстаздың қолында.
Н.Ә. Назарбаев
Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепте білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Осы өзгерістер білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектеп ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға және тәрбиелеу мен білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет етіп қойып отыр.
Елдің болашағы,ертеңі-балалар, сондықтан қазіргі қоғамға деген көзқарасын дұрыс қалыптастыру үшін оларға арналған бағдарламалардың сапасы мен санын арттырып және оның тұрақты жолға қойылуын қадағалау қажет. Тәуелсіз мемлекеттің негізгі мақсаттарының бірі және міндеті елін алға жетелейтін ұрпақ тәрбиелеумен астасады, өйткені, елдің ертеңі отаншыл, жан-жақты тұлға болып қалыптасу тәрбиесін алған ұрпақпен тығыз байланысты. Бүгінгі заман ағымы жастарды азаматтылық пен елжандылыққа тәрбиелеу,жаңа іскер адамды қалыптастыру талап етіп отыр.Біз есігін ашқан XXI ғасыр жаңғырту заманы болғандықтан, адамзат баласынан небір керемет жетістіктер мен әлемді зерделілік нарығында сілкіндіретін ғылыми жаңалықтар күтетіні бәрімізге аян.Бәсекелістікке қабілетті 50 елдің қатарына көшін түзеген қазақ елінің болашағы жарқын болуының негізгі кепілі-елдің ертеңін қалыптастыратын интеллектуалы жоғары,рухани байлығы мол жас ұрпақтың жан-жақты қабілетті дамуы, сонымен қатар ғылым мен ілімгедеген ерекше құштарлығының болуында. [Мұғалім шеберханасы. Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журнал.2012ж.]
Н.Ә. Назарбаев өзінің 2012 жылғы желтоқсан айында Қазақстан халқына жасаған Жолдауында “Бәсекеге лайықты білімді де, намысшыл ұрпақ өсіріп, өркениетті елдер қатарына қосылуға ұмтылу–басты міндетіміз”– деген болатын. Елбасымыз Қазақстан халқына жасаған жолдауында қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғанын,Қазақстан азаматтарының үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға керек екенін атап көрсетті. Егеменді еліміздегі нарықтық қатынастар мен ашық демократиялық қоғамды арттыруға арналған реформаның білім саласында да түбегейлі бет бұрыс әкелді. Менің ойымша соның нәтижесінде бүкіл әлемде білім беру жүйесінде қарқынды өзгерістер болып жатыр.Қазіргі таңдағы білім беру мен тәрбиедегі басты өзгеріс Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беруге көшуге байланысты педагогикалық-психологиялық негіздерін қарастыру болып табылады.Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп,адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек білімге ғана тіреледі. Заман талабы тұрғысынан жеке тұлғаны дамытудағы қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда білім беру саласы – баса назар аударарлық мәселе болып тұр. Қазіргі жұмыс талабы жеке тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеуде, білім берудің приоритетін түбегейлі өзгертуде,яғни оқушының бұрыңғыдан да пәндік білімдерін, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыруды түбегейлі өзгертуде. Менің ойымша, қазіргі мұғалімнің негізгі мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын арттыру және білімге деген құштарлығын ояту. Мұғалім сабақта жаңа әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ой-пікірін еркін айтқызып, ойларын қоштап және өзіне деген сенімдерін арттыруға мүмкіндік туғызу қажет деп есептеймін. Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы өткізілген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп, баланың тереңде жатқан ойын оятып, оқушыларды еркін сөйлетуге үйретеді. Әртүрлі әдістемелік тәсілдер пайдаланып, қабілеттері әртүрлі оқушылардың арасынан деңгейлері жоғары баланы анықтап, олармен дұрыс жұмыс жасау,олардың жан-жақты тануды үйренуін және шығармашылық деңгейін бақылап отыруы әрбір мұғалімнің міндеті.
Қазіргі заманда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналды. Адамның болашағы, оның қазіргі алған білімінің сапасына, көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты. Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру-жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі.
Осы мәселені шешу үшін оқытуды жаңаша ұйымдастыру қажет екендігін терең түсініп, мына міндеттерді алдыма қойдық:
Оқушыларды оқу үрдісін басқаруға қатыстыру.
Ұжымдық іс-әрекетті ортақ қарым-қатынас құралы етк.
Ерекшелігіне қарай саралап, даралап оқыту.
Нағыз сабақ-ол әрқашан диалог, ізденіс, дайындала, кеңесе, шәкірттер болашағын ойлай жасалған бірлік. Осы мақсатты көздей отырып, шәкірттерді оқыту барысында мынадай технологияларды қолданамын: «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту», «Даралап, саралап оқыту», «Модульдік оқыту».
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз:
-шыңдалған ойлау, кез келген мәселеге сыни көзбен қарау;
-күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;
-үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.
Аталған технология бойынша оқыту бала интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады, шығармашылықпен ойлап, өз бетінше тұжырымдар жасайды, дерексізден нақтыға көше алып, байқампаздық қасиеттері дамиды.
Мен 2010-2013 оқу жылдарынан бастап аталған технологияны қолдана бастадым. Сабақтарда әр оқушы іздемпаздықпен жұмыс істейді, өз ойларын танымдық істерге жұмсауға ұмтылады, сабаққа деген қызығушылықтары артты.
Әр тақырыпты өткен сайын бақылау жұмыстары өткізіледі. Бұл технология оқушыларға әр тақырып бойынша нәтижелі білім алуға көмектеседі. Оқушыларға тақырып бойынша деңгейлік тапсырмаларды өзгерткен түрде беремін. Деігейлік тапсырмалар орындау барысында оқушылар таңдау жағдайында болады және өзінше шешім қабылдайды. Ол жоғары бағаға талпына ма, әлде төмен бағамен тоқтала ма өз еріктері, шешімді өздері қабылдайды яғни мұғалім жағынан жүктеушілік жоқ.
5-9 сынып оқулықтары бойынша әр модульге қорытынды тест жұмыстарын құрастырдым.
Биология сабақтарын өткізуде оқыту тілін жетілдіру әдістемеліктерін үйлесімді енгізуге тырысамын.
«Дауысты ойластыру» әдісін жиі қолданамын. Мысалы, сұрақ (не тапсырма) жарияланғаннан кейін оқушылар пікірлесу сәтіне кіріседі, араларынан «Спикер» сайлайды. «Спикер» қорытылған жауапты ықшамды, нақты айтып береді. Бұл әдіс классикалық ойластыру сүлбісін қолдануға машықтандырады.
Сабақтарда оқушылар микро топтарда жұмыс істейді. Бұл жұмыс түрін оқушылардың арасынан кеңесшілердің көмегі арқылы жүргізіледі.
«Мәліметтеу» әдісін де қолданамын. Мәтіндегі қысқаша мәліметтерді «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясынан «Түртіп оқу», «ЖИГСО-1,2», «Кубизм», «Көп деңгейлі сұрақтар», «Үш қадамнан тұратын сұхбат» стратегияларын қолдану арқылы жүзеге асады. Бұл әдістер оқыту уақытын үнемдеуге, сөйлеу мәдениетін игеруге амал ретінде қолданылады.
Келесі қолданып жүрген әдісі: «өз бетінше іздену». Өз бетінше іздену әрекетін оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты ұйымдастырамыз. Бұл әдісті жаңа тақырыптарды өткенде, оқушыларға 3 түрлі тапсырма беріледі. Топпен пікірлесіп, тұжырым жасайды. Содан кейін ғана тақырыппен танысады. Өз еңбегімен ашылған тақырып, заң, анықтама машықты іс-әрекеттен бірталай тиімді және ақыл-ой тіркесі оңай есте сақталатынына кепілдік береді.
Сабақта презентация, диск материалдарын қолдану әдісі. Оқушылар компьютерден көрген тірек кестелерді, жазылған анықтамаларды еріксіз есте қалдырады, яғни жүктеусіз өздігінен болған процесс өте көркем әсер беріп, жақсы нәтиже береді.
Көрнекілік әдісін әр сабақта қолданамын десек артық болмас. Бұл әдіс тақырыпты жақсы меңгеруге, ұзақ уақытқа есте сақтауларына көмектеседі.
Сұрақ-жауап әдісін де жиі қолданамын. Барлық білімді сұрақ беру арқылы оқушының өзіне қабылдатуға болады және жауап беру барысында оқушының тіл байлығы артады.
Жұптық әдіс те тиімді әдіс деп ойлаймын, себебі жұмыс кезінде оқушылар үнемі тілдік қатынаста болады.
Биология пәнін оқытуда қазіргі заман талаптары мынандай:
Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану;
Жаңа форматтағы әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану;
Негізгі білімділік ұғымдарды терең меңгерту;
Оқытудың жаңа технологиясын пайдаланып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Топтық негізде іздене білу дағдыларын қалыптастыру;
Тақырыптық зерттеу жүргізу;
Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, өз ойын қорытуға дағдыландыру;
Оқушының өз бетімен жұмыс жасау қабілетін жетілдіру, дамыту;
Шығармашылық тапсырмалар орындату арқылы қабілеттерін арттыру.
Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру.
Тәжірибе жүзінде білім, біліктілік дағдыларын қалыптастыру;
Жаңа терминдер мен сөздіктермен жұмыс жасауға дағдыландыру;
Жаңа технологияларды сабақта пайдалану;
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай білім беру.
Біз RWCT жобасын меңгеріп, оны сабақтарда енгіземіз. Осы аралықта оқыту мен тәрбие жұмыстарының әдістемелік мазмұны, құрылымы өзгеріп, жаңа сипаттағы оқушыға бағытталған білім беру жүзеге асырылуда. Осының нәтижесінде мұғалім мен оқушы арасындағы тәуелділіктен арылып, өзінің білім игеру қызметін өздері басқаруға үйренеді. Оқушылар білім мен мәдени құндылықтарды игеру ісін топтасып және ұжымдасып дербес атқаруға, өз қабілетіне сай тапсырмаларды өзі таңдап, белсене орындауға үйренеді. Сабақ барысында құр мәлімет алумен шектелмей, өз пікірін ашық айтуға, өзара шынайы пікірлесуге және ой өрісін рухани-әлеуметтік деңгейін өзіндік дамытуға қадам басуда. Жеке жұимыстың көлемі азайып, ұжымдық іс-әрекет білім игеруде ортақ қарым-қатынас құралына айнала бастады. Бақылауға алынған сыныптың сапалық білімдерінде 2013-2014 жылдар аралығында өзгерістер пайда болды.
«Біліктілік» деп қандайда бір еңбектің түріне дайындалудың, дайындық дәрежесінің деңгейін айтады. Кез-келген қызметкер біліктілігін ұдайы жетілдіріп отыруы қажет. Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру екі бағытта жүргізілуі тиіс:
Мұғалімнің кәсіптік жұмысының мәнін үйлесімді өзгерту, яғни басты қызметтік нұсқауды орындау емес, күтетін нәтижеге жету үшін оқу үрдісін шығармашылықпен үйлестіру. Сол мақсатта сабақтар қызықты өту үшін компьютер арқылы тұсаукесер слайдтар, флипчарттар жасаймыз.
Біліктілікті арттырудың негізгі аспектілерінің ішінен мыналарды бөліп алуға болады.
Қызметтік (Мақсаты, міндеті, жұмыс мазмұны, формасы, әдістер және нәтижесә).
Мазмұндық (Әдістемелік, ғылыми-теориялық білімді практикада қолдана білуге жағдай туғызу). Сабақтарда әсіресе, дәстүрден тыс сабақтарда оқушылар теориялық білімін практикамен ұштастырады.
Басқарушылық (талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, танып-білу). Өз жұмысымды жоспарлап, оның нәтижесін білу үшін диаграммалар, мониторингетер жасаймын. Моиторинг арқылы білім сапасы мен үлгерімінің динамикасын көруге болады.
Қорытындылай келегенде, уақыт талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, ғылыми тілмен айтқанда, инновациялыұ технологияларды қолданып келеміз. Осы жаңа технологияларды қолдана бастағаннан бері оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен тілге деген қызығушылықтары артты, білім сапасында да жақсы өзгерістер бар.
Жаминова Гульжан Бахытовна,
Павлодар облысы,
Лебяжі ауданы,
Мерғалым ауылы,
Б.Уахатов атындағы орта мектебі
Биология пәнінің мұғалімі