(ҚР мемлекеттік рәміздерімен безендіріледі. «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының таңбасы баннерге бейнеленіп ілінеді.)
Шақырылатын қонақтар: Ұстаздар және мектеп оқушылары
Жүргізуші:1
Қайырлы күн ұстаздар мен оқушылар! Республикалық біріңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!
Жүргізуші:2
Бүгінгі Қазақстан тәуелсіздік күніне арналған, сондай-ақ жас азаматтарды еліміздің нағаз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін Біріңғай « Жас Ұлан,» «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды жалғастырамыз.
Жүргізуші:1
Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын,тірегімін жерімнің
Ұланымның туын көкке көтерген,
Ертеңімін Егеменді елімнің
Түсіні терең, өмірдің мәнін,
Жалынды жастар, сендерсің сәнім
Беретін бойға күш-қуат, жігер
Шырқалсын шаттық әнұран әнім!
Жүргізуші:2
Оқушылар түзеліңдер, тік тұрыңдар ! ҚР Әнұраны ойналсын!
Әнұран ойналады
Қазақстан Республикасының туы мен Біріңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігінің туы енгізілуге дайын
Ендеше «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отырып, алдымен ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер
«Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымының әрбір мүшесі:
1-оқушы
Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді.Туған елін шексіз сүйеді.
2-оқушы
Қазақстан Республикасының туының түсіндей галустук тағу керек және Республикамызыдң мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік әнұрандарды жатқа айту керек.
3-оқушы
Шет елдердің мемлекеттік нышандары, адамдардың немесе басқа да суреттер салынған, атаулар жазылған киімдерді киюмен, заттарды пайдаланумен әуестенбейді.
4-оқушы
Өзін тұрмыста, қоғамдық өмірде сыпайы, қарпайым мінезде ұстайды.
5-оқушы
Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін,әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.
6-оқушы
Жас ұлан ұйымының мүшесі- Отанына адал
Жас ұлан ұйымының мүшесі- Отанының адал азаматтары.
Ән : «Жаса Қазақстан» әнімен
Жүргізуші:1
Егеменді еліміздің тірегі
Мектептің болашағы жігері
Достықпен татулық тілегі
«Жас Ұлан» , «Жас Қыран» ұйымының біз түлегі
Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.
Ендеше 1 «ә» сынып оқушысы Жүнісбаев Мейрамбек ант беруге дайын!
(«Жас ұланның»,1 мүшесі ант береді,қалғандары «Ант етеміз!» деп 3рет қайталайды)
Анттың мәтіні
Мен, ———————————— Республикалық біріңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отаным-Қазақстан Ресспубликасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас ұлан», «Жас қыран» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.
Біздің жерлестерімізің даңқты ерлігі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде
АНТ ЕТЕМІН ! АНТ ЕТЕМІН! АНТ ЕТЕМІН!
Барлық оқушылар Хормен:
Оқушылар : «Жас Ұлан», «Жас Қыран»
«Ұранымыз»
Оқушылар : «Қазақстан-Нұрсұлтан- Жас Ұлан» -3 рет қайталайды
Жүргізуші: 2
Құрметті Ұстаздар және оқушылар сіздерді «Жас Ұлан» , «Жас Қыран» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галустук және төсбелгілерін тасбыстау рәсіміне шақырамыз.
(«Жас Ұланның» әнұраны орындалады және Жас Ұланның туы көтеріліп, ортадан сыртқа шығып кетеді)
Құттықтау сөз мектеп директоры: Еспенбетов Жақсылық Омарұлына ағай және директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Аманқұл Шарапат апайға беріледі.
Жүргізуші:1
Ризамын деп осындай жастық шаққа,
Не жетер «Жас Ұлан», «Жас Қыран» деген лайық атқа
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын қақпа
Қазағымның жерін, елін қорғайтын
Жас жеткіншек ұланы бар елі бар
Міне осындай егеменді еліміз
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз
Туған елін жерін сүйетін
Біз қазақтың ұланымыз еріміз
Жас Ұлан Әні : «Бақыт деген»
Жүргізуші:2
Республикалық біріңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балармен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымыз осымен аяқталды. Кош сау болыңыздар!
Нованов Ғалымжан Жақсылықұлы,
Т.О Сарыағаш қаласы, Ақжар елді мекені
№28Абылай хан атындағы жалпы орта мектеп КММ
ағылшын тілі және тәлімгер жұмысын атқарушы мұғалім
Салематсыз ба?мен Жас уланга бериiн дегем 5-класстан.6кла́сстан.7-класска берiн дегем.менiм87787582425меним хабарласып сураймын.маган жаттанын орын керек школ интернат Жас улан балалар барес Караганды облысынан