Home » Жаңалықтар » Жас ғалымдар бас қосты

Жас ғалымдар бас қосты

Бүгін Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қабырғасында Филология факультеті, Қазақ әдебиеті кафедрасының профессорлары ф.ғ.д. Ж.Ә. Аймұхамбет, ф.ғ.к., Қ.М. Байтанасованың ұйымдастыруымен «Филология ғылымындағы ізденістер мен жаңалықтар» атты докторанттар мен магистранттардың Ү Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференциясы болды.
Конференция жұмысы: «Әдебиеттану: Қазіргі әдеби процесс және әдебиет теориясының өзекті мәселелері»; «Тіл білімі: Лингвистикалық зерттеу аспектілері»; «Рухани жаңғыру кезеңіндегі фольклор және мәдениеттану» деген үш бағытта онлайн трансляцияда өтті. Онлайн трансляцияға шыққан С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжинеринг университеті.
Сонымен бірге, Еге университетінің докторанты Әділов Марлен Ерланұлы «Мағынасы тарылған немесе көне мағынасы жойылған кейбір сөздер туралы» деген тақырыпта баяндама жасады. Баяндама барысында келген жас ғалымдарға үлкен серпіліс, тың ойлар тудыра білді.
Онлайн трансляцияға шыққан С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің магистранты Солтанбекова Шырынның «Қазақ антропонимдерінің мағыналық сипаты» тақырыбында жасаған баяндамасы да өте тартымды, нақты деректермен статистикалық құнды мәліметтер берді.
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжинеринг университетінің магистранты Дәден Айгүл «Қазақ-латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі және ұлттық руханият» тақырыбында оқыған баяндамасы ғылыми негізге құрылған, теориялық мәліметтер мен мектеп оқулығындағы дауысты дыбыстардың санына өзгерту керек, деген тұжырым айтты. Басқада докторанттар мен магистранттар ғылыми жағынан құнды баяндамалар жасады. Конференция соңында үздік баяндамаларға орын беріліп, конференцияға қатысушыларға сертификат табыс етілді. Сонымен ең үздік баяндамашы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 1 курс магистранты Озат Ақниет І орын, Еге университетінің докторанты Әділов Марлен мен Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжинеринг университетінің магистранты Дәден Айгүлді ІІ орын, 2 курс докторанты Карипбаев Жанбота, Өскен Әсем, Садуақас Шахинұр ІІІ орын иеленді.

Жазира Көкбасқызы,
Астана қаласы,
«Білім айнасы»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.