Home » Жаңалықтар » Жас физиктер Израильде өтетін олимпиадаға қатысуда

Жас физиктер Израильде өтетін олимпиадаға қатысуда

Қазақстан құрама командасы 2019 жылы 7-15 шілде аралығында Тель-Авив қаласында (Израиль) физика бойынша өтіп жатқан халықаралық олимпиадаға қатысуда.

Қазақстан Республикасы олимпиада командасының құрамына жас физик-ғалымдар кірді: Нұр-Сұлтан қ. «РФМШ» филиалының түлегі -Байрин Әмірхан, Павлодар қ. №8 мектеп-лицейінің түлегі — Басов Ярослав, Алматы қ. «РФМШ» түлегі — Ли Давил, Нұр-Сұлтан қ. «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ 11 сынып оқушысы — Исмагулов Темирлан, Семей қ. «Білім — Инновация» мамандандырылған лицейінің 11 сынып оқушысы — Магауин Расул.

Құрама команданың жаттықтырушылары — Мақсутов Самат PhD, СДУ физика оқытушысы (Алматы қ.); Сидоренко Андрей, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты (Алматы қ.).

Айта кеткен жөн, биыл олимпиада 50-інші рет өткізілуде. Ал, Қазақстан құрама командасы бұл олимпиадаға 1997 жылдан бастап қатысып келеді. Қатысушылар өз білімдері мен дағдыларын екі турда көрсетеді: біріншісі — орта мектепте оқылатын физиканың кемінде төрт бөлімін қамтитын теориялық міндеттерді шешуге арналған болса, екіншісі – тәжірибелік бөлім, онда оқушылар зертханалық жұмыстарды орындайды. Қорытынды жеке есепте шығарылатын болады.

Олимпиадаға қатысушылар алтын, күміс және қола медальдармен, сондай-ақ құрмет грамоталарымен марапатталады.

 

ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.