Өнер — еш шегі жоқ, ұлы теңіз. Бұл теңіздің өзіндік сырлары мен адам баласынан жасырып жатқан құпияларының түбі жоқ, теңіз түбінде. Теңіздің бетінде шым — шытырман мен арман жолында жүзу мен үшін ең үлкен бақыт. Сондай бір саяхат барысында «Ақжелең» V Республикалық байқауы менің жүрегіме өте ерекше күш қуатын берді. Осыған орай Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты алтын ұям №52 мектеп-лицейінің оқушылары 2018 жылы бірінші қараша күні «Ақжелең» V Республикалық байқауына бірнеше жанр бойынша қатысып бірнеше жүлделі орындарды қанжығаларына байлаған еді. Атап өтсек: Вокал жанры бойынша 6 «А» сынып оқушысы Кумазова Зарина жүлделі II орынды, 5 «Б» сынып оқушысы Тайбек Жадыра жүлделі II орынды, 10 «А» сынып оқушысы Қалиев Тимур жүлделі III орынды, көркемсөз оқу жанры бойынша 10 «Ә» сынып оқушысы Рахымберді Мақсат жүлделі II орынды, бейнелеу өнері бойынша 6 «A» сынып оқушысы Таскинова Диана жүлделі III орынды, 9 «Б» сынып оқушысы Мұхтарханқызы Сымбат қолөнер номинациясы бойынша жүлделі II орынды иемденді. Біз «Таудай талабы бар» шәкірт ретінде жетістігімізбен мақтанамыз. Қанаттарың талмасын! Өнерлерінің өрге жүзсін! Ал шәкірттерінің шығармашылығын шыңдаған Байбосынова Азиза, Шертаева Гүлсара, Ақылбекова Нұрлыайым, Сагатова Айгерім, Атабаева Махаббат атты ұстаздарымызға еңбектеріңіз жана берсін деп тілек айтамыз!
Рахымберді Мақсат Шамилұлы
10«Ә» сынып оқушысы №52 мектеп-лицей