Home » Білім және өнер » Жас суретшілер шығармаларындағы этнография мен фольклор

Жас суретшілер шығармаларындағы этнография мен фольклор

Словениядағы Целье қаласында жас дарынды суретшілердің «Бояу иісі» XXI Халықаралық сайысы өз мәресіне жетті. Оған: Павлодар қаласынан № 2 Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары да қатысты.

Сайысқа: бүкіл әлемнің 33 елінен 3 жастан 20 жасқа дейінгі дарынды суретшілердің ең үздік 6 000-ға тарта шығармашылық жұмыстары ұсынылды.

Сайыс «Менің халқымның энографиялық костюмі және фольклоры» тақырыбында ұйымдастырылып, қазіргі этникалық байланысты толығымен сезінуге терең ықпал етті.

Байқау қорытындысы бойынша, павлодарлық оқушылар арасынан «Наурыз» суреті үшін 9 жастағы Мөлдір Кудашева, «Аюмен билеу» суреті үшін 11 жастағы Ксения Степанюк, «Көктем» суреті үшін 9 жастағы Адель Нұрдилдина, «Мейрам» суреті үшін 6 жастағы Диляра Мусалим және «Күту» суреті үшін 10 жастағы Мадина Майкотова жеңіпаз атанды.

 Айгүл МОЛДАШ,

Білім айнасы,

Павлодар

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.