Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде жастардың бойында отансүйгіштік пен елжандылық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында құрылған «Жас патриот» клубы үздіксіз жұмыс жасап келеді. Клубқа колледждің АӘД пәнінің оқытушысы Б.Қ.Елеусенов жетекшілік етеді. Клуб мүшелері қалалық әскери сайыстарға жиі-жиі қатысып тұрады. Үздіктің үздігі «Жас париот» клубындағы студенттердің жетістіктері де өте көп. Олар колледж намысын қолдан бермей қорғап жүр.
Өшпес ерлікке мәңгілік тағзым ету болашақтың басты міндеті. Ағымдағы жылдың ақпанның 15-інде Ауған соғысының аяқталғанына 28 жыл толды. Осынау тарихи маңызы зор оқиғаға орай ТжКБ студенттерінің арасында «Снайперлік жұп» атты пневматикалық винтовкіден атудан Рудный политехникалық колледжінде турнир ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шара ержүрек жауынгер О.И.Горгуленконі еске алу құрметіне арналды.
Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі атынан қатысқан Ескиндиров А, Ровная И, (П-01), Белова Е, Ощепкова А, Мелничук Л (ДВ-02), Червинская В (ТШП-01), Дощанова Б, Турсынбаева А (ШТ-01), М.Карим (ББМ-01) сынды студенттер винтовкіден атудан шеберліктерін көрсетті. Клуб жетекшісі және АӘД пәнінің оқытушысы Б.Қ.Елеусеновтің айтуынша: «Студенттерді әскери тактика қатты қызықтырады. Олар бұл сайысқа үлкен дайындықпен келді. Мен олардың болашақтарынан үлкен үміт күтемін» — деп өзінің қуанышын жасырмады. Пневматикалық винтовкіден атудан сынға түскенде РӘГК-нің студенттері өздерінің қырағылықтарын таныта біліп жеңіс тұғырынан көтерілді. Турнир соңында РПК директоры А.Ишмухамбетов жеңімпаздарды дипломдармен марапаттады.
И.Ж.Жайлаубаева
Ы.Алтынсарин атындағы РӘГК-нің
арнайы пәндердің оқытушысы