Home » Жаңалықтар » Жас мамандар ақылдарыңды тәжірибелеріңді орындап алып кетсе екен деп тілеймін

Жас мамандар ақылдарыңды тәжірибелеріңді орындап алып кетсе екен деп тілеймін

2019 жылғы 13 наурызда Ақмола облысы Әміров Досжан  Сарманқұлұлы төрағалығымен Ақмола облысы, Есіл ауданы, Есіл қаласында сот реформасы бойынша кеңес өтті.

Әміров Досжан Сарманқұлұлы сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету, дауларды сот араласусыз шешу жолындағы мәселелерді шешу, арамыздағы ажырасу мәселелерін шешуде қабылданған міндеттерді түсіндірді.

Мен Әміров Досжан Сарманқұлұлына кездесуді мемлекеттік тілде өткізгені үшін  айрықша ризамын, өйткені Қазақстан Республикасының 27 жылдан астам тәуелсіздігі бар ел, осы мемлекеттік тілдік мәселені қолға  алатын кез келді деп ойлаймын.

Мемлекет тілінде іс жүргізді, және осы отырыста үлгі болып, жиналыста   қазақ тілімен бастады, бұл үлгі Ұлт жанды азамат екендігіңіздің айғағы.

Сот ісіне, жаңалық енгізіп, сот ісін жеңілдетуге, оңалтуға тырысып-институт медиациясын кіргізіп, екі жақтың сәтсіз, өзара келісімге келіп, адамдар өзара келісіп, соттардың жұмысын жеңілдетуге, зор еңбек жасап жүрсіз. Менің өз түсінігімде, ең бір өзекті мәселе, жастардың, және азаматтардың, жанұя мәселесі жеке шартын бұзу, кеңінен қаралып, қазіргі уақытта.

Азаматтық соттардың құрылымы құрылып, іс жеңілдей бастады.

Сіздерге жүктелген жұмыс өте ауыр, және абыройлы іс. Сонымен қоймай сіздердің елімізге-отанымызға, адал өнегелі тәрбие беріп, жастарды қолдап, қабілетіне жауапкершілгіне қарап, жоғарғы сатыға дер кезінде көтеріп, баулу жолында, сіздердің орасан зор еңбектерің ақталып, дамытып, жас мамандар ақылдарыңды тәжірибелеріңді орындап алып кетсе екен деп тілеймін. Сіздерге осы елімізді көркейтуге, ата заңымызды қадағалап орындатып отыру іс жолында, сіздерге зор-денсаулық ұзақ ғұмыр, отбастарыңда амандық, елімізде тыныштық болып, келешегіміз сол тыныштықта өмір сүріп жүрсе екен деп тілеймін!

 

Букаев Әуез,
Ақмола облысы, Есіл ауданы,
Есіл қаласының тұрғыны, зейнеткер

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.