Home » Оқу-әдістемелік материалдар » «Жас мамандарға тәлімгерлік көмек білім сапасын арттырудың кепілі» (шеберлік класс)

«Жас мамандарға тәлімгерлік көмек білім сапасын арттырудың кепілі» (шеберлік класс)

 

Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры – мұғалімдердің қолында»

Н.Ә.Назарбаев

Мақсаты:

Жас маманның теориялық білім, білігін практикамен ұштастырып, кәсіби шеберлігін шыңдауға ықпал ету.

Міндеттері:

Жас оқытушылардың үздіксіз білім берудегі қажеттіліктерін қамтамасыз ету және әр түрлі қиындық келтіретін мәселелерді шешу амалдарын көрсету, қиындықтардан өтуіне көмек беру;

Озық  тәжірибелермен танысып, жаңа технологияны үйреніп, практикада қолдануға ықпал ету.

Шығармашылық ізденіске баулу.

 

 

Жас мамандардың алдына қойған мақсаты – шәкірттердің оқуға деген ынтасын арттырып, білімді, ізденімпаз, талапты азамат етіп тәрбиелеу. Сондай-ақ ұстаз деген ұлы есімге лайық болу.

Бүгінгі жас маман – ертеңгі ұлағатты ұстаздардың орнын басатын, олардан үлгі алатын, шәкірттердің сүйікті ұстазына айналатын тұлға .

Сондықтан, жас мамандарды тәрбиелеп, жақсы ұстаз деңгейіне дейін көтеруге жұмыстану.

Осы уақыт аралығында келесі жас оқытушыларға тәлімгер ретінде көмек көрсеттім: Абдрахманова Индира Тельманқызы, Иманғалиев Азамат Дүзелбайұлы, Дәулетов Мерейбек Оразбайұлы, Сатыбалды Мөлдір Құрманғазықызы, Аронов Данияр Жасқайратұлы.

Тәлімгердің жас оқытушылармен жұмыс жоспары:

-Жас мамандарға күнтізбелік тақырыпты жоспар және жұмыс оқу бағдарламаларын құруға көмек көрсету;

-Жеке іс-қағаздары мен сынып журналдарын толтыруға басшылық ету;

-Оқу-әдістемелік құралдар дайындауға (дәрістер жинағы, слайдтар жинағы, есептер жинағы, оқу-әдістемелік кешен,т.б) көмектесу;

-Тәрбие жоспарларын құруға көмек көрсету;

— Пән бойынша күнделікті сабақ жоспарлары мен үлестірмелік материалдарды дайындауға үйрету;

-Ашық сабақтар мен шараларға өзара қатыстыру;

-Пәндік апталықты өткізу бойынша көмек көрсету;

-Колледжден тыс шараларға қатыстыру

Ең алдымен:

  • жас маманға жұмыс жасауына жағдай жасау,
  • жас маманның пән бойынша және қосымша сабақтарына қатысып, талдау жасау,

Алғашқы рет  жас оқытушыға:

-оқу процесін ұйымдастыру;

— оқу құжаттарын толтыру;

-оқу процесінде оқытудың түрлері мен әдістерін қолдану;

Жас оқытушыға көмек көрсету және өз тәжірибеммен бөлісу мақсатында

сабағына қатысу.

Оқытушы біліктілігінің маңыздысы – сабақты бастарда оқушылар назарын дұрыс ұйымдастыру, үзілістің соңы мен сабақ арасын айқындай ашып, оқу пәніне жедел шұғылданатын психологиялық жаңа ахуал туғызу .

Қандай да болмасын еңбек, соның ішінде оқу еңбегі де, оның қолайлы орындалуы үшін жағдайлар жасауға байланысты.

Әр маман өз білімін шыңдау үшін үнемі ізденісте болу керек, сондықтан әр жас маманның тәжірибе жинақтау үшін арнайы өз портфолиосы және жас мамандар үнемі тәжірибесі мол ұстаздармен тығыз байланыста болу керек.

Жас мамандар тәжірибелі ұстаздардың сабағына үнемі қатысып білмегендерін үйренгені жөн.

Қорытындылай келгенде, еліміздің болашақ мамандары қоғам талабына сай жан-жақты болуы үшін төмендегі міндеттерді әрбір оқытушы орындауы қажет:
1.Әрбір оқытушы өз пәнінің білікті, білімді шебер маманы екенін көрсете білу.
2.Студенттің білім деңгейін дәл анықтауға бағыт беріп, келешекпен байланысты сенімді қалыптастыру.

3.Студенттің әрбір пәннің мамандыққа қатысты мәселелерін ынтымақтастықпен шешу қабілеттерін дамыту.
4.Студенттің кәсіби білікті, білімді шебер тұлға қасиеттерін санасына құйып дүниетанымын кеңейту.

Қорыта айтқанда, «Ұстаз білімді болса, пән қадірлі», оқу процесінің нәтижелі болуы оқытушының сабақ беру шеберлігіне, сабағын қызғылықты жүргізіп, зейін қойдыра білуіне, оқушыларды өздігінен білім алуға үйретуге байланысты.

Сондықтан оқытушы үшін сабақтың жүргізілу жүйесін жетілдіріп,

Оқу-тәрбие жұмыстарын жүйелеп, сапасы мол тиімділігін арттырып, жаңадан дұрыс өзгерістер әкелуге, оларды енгізуге барлық күш-жігерін жұмсауға тиіс.

Қорытынды:

Жұмысқа уақыт табыңыздар, бұл – табыс шарты.

Ойлануға уақыт табыңыздар, бұл – күштің қайнар көзі.

Ойынға уақыт табыңыздар, бұл – жастықтың құпиясы.

Оқуға уақыт табыңыздар, бұл – білімнің негізі.

 

 

Ажмуратова Асемгул Койшыбайқызы,
БҚО, Орал қаласы,
Жоғары аграрлық-техникалық
колледжінің Өрт қауіпсіздігі және
техникалық пәндер ПЦК-ның жоғары санатты
арнайы техникалық пәндер оқытушысы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.