Home » Жаңалықтар » Жас жұмыскер 300 мыңнан аса айлық алады

Жас жұмыскер 300 мыңнан аса айлық алады

Сұрақтан сұрақ туады. Кейде көңілге сенімсіздік ұялататын жайттар да болып жататыны рас. Деседе, осы мәселеге дендеп көруді мақсат етіп, сапарға шықтық.

 

«Кәсіпқор» «Холдингінің» басқарма төрағасы Кузенбаев Ермек Бақытович

Бағыт Атырау, ол жерде 2013 жылы пайдалануға берілген колледж бүгінде «APEC PetroTechnic» деп аталатын еліміздегі айтулы оқу орнының бірі және бірегейіне айналған мекеме десті көз көріп, құлағы естіген кісілер.
«APEC PetroTechnic» — отбасымның бір бөлшегі» дейді  Юдина Виктория Георгиевна колледждің тәрбие және ұйымдастыру бойынша орынбасары.

Оқу орнына шолу жасадық. Білім ордасында шетелдік мұнай-газ компанияларының халықаралық стандарттары мен талаптарына негізделген жаңа білім беру бағдарламалары қоса жүреді, Түлектер ағылшын тілінде оқиды, оқу əдісі- дуалдық тәсілімен жүреді. Соның арқасында оқытушылар студенттерді жұмыстық тәжірибелік дағдыларына баулып, көзге көрсетіп, қолымен ұстатып, екі келіге жетпейтін қоймалжың миына сіңіртіп, ертеңгі күнге дағды қалыптастыруға ықпал жасайды.

Оқушыларға болашаққа жол ашу мақсатында «APEC PetroTechnic» колледж. 40 аса мекемемен келісімге отырған көрінеді. Басты мекемелердің бірі «ЭмбаМұнайгаз» АҚ (ол жайында толық мақала болады) ол жерде арнайы оқыту алаңы да бар екен.
Теория мен тәжірибе үдерісін қатар дамытқан оқу орнының түлектері кез келген жұмыс берушінің арнайы сынақтарына төтеп беретініне оқытушылар сеніммен қараймыз дейді.

Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Тайкенова Майраш Гумаровна

«Кәсіпқор» «Холдингінің» басқарма төрағасы Кузенбаев Ермек Бақытович

 

Білім айнасының негізін қалаушы
Қуантай Амантайұлы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.