Home » Жаңалықтар » Жас дарындар- мектеп мәртебесі

Жас дарындар- мектеп мәртебесі

    Талабы таудай, өз мақсатымен  елінің мақсатын үндестіре білетін, білімді, шығармашыл шәкірттер мектептің айбыны десек те болады. «Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс»-деп Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  соңғы 2018 жылдың 10 қаңтарында  жарияланған  жолдауында айтқан сөзі – бастамашыл бағытта жұмыс жасайтын  ұстаздар алдына межелі жұмыс  мәресін көрсетті.
Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге  үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс.  Білімге қызығушылық, мектеп партасында алған білім қорын өмірдің қажеттілігіне  жарату-өнер мен білімді  қатар қанат тұтқан шәкірттер мақсаты.  Б.Бегалиев  жалпы орта мектебінің жанында құрылған «Нұршуақ» жасөспірімдер театрында  атқарылып жатқан    нәтижелі  жұмыстар – жаңашыл үні бар, өз елінің  дәстүрін, тілін, дінін  қасиет тұтқан  жастардың  бірлесе атқарған ынтамақтасқан  шығармашыл жұмыстары. Киелі сахна төрінде тәрбиеленген  шәкірт болмысы әрқашан биіктікке  ұмтылары анық. Бұған айғақ- ақпан айының соңғы күндері  өткен облыстық «Театрдың ғажайып әлемі» фестиваліне  «Нұршуақ» театрының  мүшелері   заңғар жазушы  Әбіш Кекілбаевтың « Бір шөкім бұлт»  шығармасынан дайындалған қойылыммен қатынасып, «Бас жүлде» мен бағалы сыйлық иеленіп, қараша айында Өскемен қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алып келуі . Байқауға  8 оқушы қатынасып келді.10-сынып оқушылары: Аманжолова Бақытгүл, Сатыпова Жанна, Сәрсенбаева Динара, Шайхатов Наурызбек, Ғайноллаев Ербол, Саматова Назерке ,9-сынып оқушысы  Ерболатұлы Фархад, 4-сынып оқушысы Ерболатова  Айзада.
Қатал қазылар мен көрермендер көңілінен  шығып «Үздік актер», «Үздік сомдалған ана бейнесі» номинацияларымен  Ғайноллаев Ербол мен Аманжолова Бақытгүл  мадақталды. Қазақ халқының  басынан өткерген  тарихи  оқиғалар, қарапайым қазақ ауылының соғыс уақытындағы келбеті, қайғысы мен жүрек мұңы, қайсарлығы мен  ұлттық  ажарын танытуда   әр шәкірт жүрегіне өзі сомдар кейіпкер бейнесін  айшықтап үйреткен, қойылым сценарийін  дайындаған  жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Киюазова Мария Болатқызының еңбегі өлшеусіз.   Байқау ережесіне сай 20 минутқа созылған қойылым мазмұны,  айтар ойы, соңғы шешімі  көрермен  көңіліне ой салды. Жас дарындарымыздың алған биік асуы- мектепте атқарылып жатқан жұмыстардың бір бөлшегі.  Өткеннен үлгі алу, ата-бабаларымыздың санамызға салған қасиетті салт дәстүрі, ұлылардың ұлағатты ойларын жаттап  өскен  білімге құштар, білім  додаларында бәсекелестікке бейім шәкірттердің алар асулары да қол жеткізер жетістік иірімдері де әлі де биік болары анық.

Г.Ғ.Қалиева,
Б.Бегалиев атындағы   орта мектептің директоры

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.