Өткен аптада «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында жасөсіпірімдер арасында биология пәнінен облыстық VII олимпиада сайысы өтті. Оған аймағымыздың аудан-қалаларынан 90-ға тарта оқушы қатысып, бақ сынады. Ал жеңімпаздар Қаныш Сәтбаев атындағы Халықаралық олимпиадаға жолдама алады.
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Гүлнар Жүрсінова балалар тек теориялық білімдерімен қатар, өз білімдерін басты назарға салу керектігін тілге тиек етті.
Павлодар өңірінен іріктеліп, жарысқа түскен 7-8 сыныптың жүлдегерлері Қаныш Сатпаев атындағы Халықаралық олимпиадаға жолдама алып, әрі қарай да бақтарын сынайды.
Л. Жүнісбекова,
Білім айнасы
Павлодардан