Өскелең ұрпақты тәрбиелеу, оның құндылықтармен өміршеңдік қасиеттерді қатар ұстануын үйрету мәселесі әрқашанда өзекті. Әр адам қоршаған ортада өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінуіне ықпал етіп, өзін толық іске асыруына, өзінің әлеуметтік ролі мен өмірлік мұратының мәнін ұғынуына, қоғамға қызмет ету әлеуетін көтеруге және әр бір тұлғаның өзіндік ішкі мүмкіндіктерін толық пайдалана білуге үйрету әр маманның алдындағы басты міндеті. Бұл занды, себебі біздің қоғам өмірінде өміршеңдік дағдылардың ролі барған сайын артып, аясы кеңейіп келеді.
Қазіргі өмір сүріп отырған қоғамдағы бізді алаңдататын өте өзекті проблемалардың бірі – оқушылардың өз-өздеріне қол жұмсауы. Суицидтік іс-әрекетке итермелеудің тікелей себебі – дау-дамайдың пайда болуы. Бұл дегеніміз – белгілі бір адамның маңызды, құнды ұстанымына әсер етуші жағымсыз әрекет, күйзеліс тудыратын жағдай. Суицид қаупі туатын жеткіншектерде жалғыздықты сезіну,ешкімнен көмек күтпеушілік, қайғырушылық, менмендік көріністерінің тереңдеуі басқаның қуанышы мен қайғысына ортақтасуға құлқы болмаушылық жиі кездеседі. Сондықтан кез-келген шағын түсінбеушілік дау-дамайдың өзі суицидтік әрекеттің алғы шарты болуы мүмкін. Осындай жағымсыз түсінбеушілік әрекеттердің алдын алу үшін ең бірінші бағыт тек дұрыс тәрбие беру болып табылады.
Елімізде білім беру жүйесінде тәрбиені дамыту соңғы жылдары шын мәнінде өзекті бағыттардың бірі болып отыр. Қазақстан Республикасының Конституциясы әр адамға, соның ішінде балаларға, өмір сүру құқығын, қадір-қасиетін құрметтеуді, денсаулықты қорғауға және білім алуға кепілдік береді. Мемлекет пен баланың жақындасуында оқу мекемелері маңызды орын болып табылатынын ескере отырып, әлеуметтік саясаттың осы бөлімін жүзеге асыруда білім беру мекемелері басты рөл атқарады. Баланың бойындағы ең басты, ең маңыздылар балалық шақта қаланады, сондықтан да адамның алдағы өмірі мен тағдыры көбінесе осыған байланысты болады. Одан кейінгі уақытта, мектеп қабырғасында болатын, шартты түрде алдын алу, түзету деп аталады, себебі жұмыс бала санасының деңгейінде ғана емес, түйсік бағдарламаларымен жүргізілуімен де маңызды.
Білім алушының өзін психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін дамыту және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыру шеңберінде білім беру үдерісін қалыптастыруда жасына қарай психофизиологиялық ойлау өте маңызды. Оқушы өзі туралы көбірек түсінуге, өз дамуының ерекшеліктерін білуге тағы басқа өзінің жағдайын еңсеруді білуге тиіс, бұл мағынаны тануға жатады. Оны осыған үйрету керек. Мектептегі бұл жауапты жұмыс әлуметтік педагог және сынып жетекшісіне, пән мұғалімі мен педагог-психологқа негізделіп жүктелген. Бұл бірқатар жағдайларда білім беру мекемелерінің педагогикалық ұжымы мен әкімшілігі жасөспірімдер мен балалар арасында өзіне өзі қол жұмсауға жеткілікті назар аудармайтыны бойынша, ең біріншіден, суицидтік мінез-құлық, профилактика технологиялары, өмірлік қиын жағдайға тап болған білім алушыларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуде технологияларды меңгерген кадрлардың аз болуы көптеген мектептерде қалыптасқан жағдайды талдауда көрсетеді. Бұл ретте көптеген жалпы білім беретін мекемелерде мақсаттылықтың және жалпы білім беретін мекемелердегі білім алушылардың ата-аналары мен педагог кадрларының тиімді ынтымақтастықты жүзеге асырудың жеткіліксіздігінен, соның ішінде бірлескен қызметті ұйымдастыру бойынша суицидтік мінез-құлықтың профилактикасы болып табылады. Білім саласына ХХ ғасырдың 30-жылдары енгізілген сынып жетекшісі қызметі тәрбие жұмысымен айналысудың маңызын айрықша көтеру қажеттілігінен туындады. Мектептердегі тәрбие процесінің алдында тұрған басты міндеттер – оқушылардың ақыл-ойын, шығармашылығын дамытатын танымдық, шығармашылық іс-шаралар мен іс-әрекеттерді кеңінен ұйымдастыру болып табылады. Бұл жерде жеке тұлғаның өзіндік мінез-құлқы мен оның жеке психологиялық ерекшеліктерін, көптеген басқа да әлеуметтік факторлардың ықпалын ескере отырып, жеке тұлғаның бойында патриоттық сезімді қалыптастырушы ретінде сынып жетекшісі рөлінің, атқаратын қызметінің маңызы зор. Сынып жетекшісі –сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп өткізетін педагог. Бүгінгі күні сынып жетекшісі –кәсіпкер -педагог, ол өсіп келе жатқан бала үшін:
-жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы;
-сынып ұжымының бірлескен іс-шараларын ұйымдастырушы;
-оқушы тұлғасының қалыптасуына колайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы, тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп оқушының қоғамдық өміріне түзетулер жасаушы;
-сыныпта қолайлы моральдік–психологиялық ахуал қалыптастыру үшін, сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік ықпал жасаушы.
Мектептегі оқу ісіне қойылатын бүгінгі заман талабы – өзіндік ой-
тұжырымы бар, логикалық ойлау қабілеті дамыған, өз көзқарасы мен пікірін
ашық айта алатын, ақпараттар ағымынан қажетін іріктеп ала білетін, қоғамдық ортаға икемді, өз жолын дұрыс таңдай алатын жас ұрпақ тәрбиелеу.
- Әлеуметтік міндеттері. Бұл –баланы қорғау, көмек көрсету, отбасымен бірігіп, баланың дамуына, оның даралық қасиеттерін қалыптастыруына жағдай жасау үшін байланыс орнату.
ІІ. Диагностикалық-әдептік міндеттері
Сыныппен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін, сынып жетекшісі өз оқушыларын, олардың ерекшеліктерін, дара қасиеттерін білуі керек.
III. Жеке–дара практикалық міндеттері
Оқушылармен жұмыс ұйымдастыруға тиімді педагогикалық құралдарды таңдап алуды, өз жұмысын жоспарлауды, талдап түзетуді және рефлексі жатады.
- Оқушының жеке дамуын бақылау, оның өрісін дамып, қабілеттерінің ашылуына жағдай жасау.
- Оқушының ынтасын, қабілетін зерттеу, бағдар беру.
- Оқушыларды қоғамдық қатынастарға жеке дара, топтық әрекетін ұйымдастыру.
- Оқушылардың еркіндіктері мен құқықтарын сақтауға мүмкіндік жасау.
- Оқушылардың тұрмыс жағдайын зерттеу.
- Оқушылардың дамуындағы жеке мінез құлықтарындағы ауытқуларды байқау, оларды психологиялық және педагогикалық тұрғыдан түзету.
- Өмірде кездесетін күрделі проблемаларды шешуде көмек көрсету.
- Оқушылардың әлеуметтік және заңды құқықтарын қорғау.
- Өз іскерлігі мен жауапкершілігін дәлелдей отырып, балалармен жылы қарым-қатынас орнату.
- Үнемі тәжірибеде педагогика, психология мәселелеріне байланысты өзінің білімін жетілдіру.
Балалардың суицидтік мінез-құлқының алдын алуда отбасы, мектеп, педагог, психолог, әлеуметтік педагог басты рөл атқарады, олар жасөспірімдерді суицидтік әрекетке жеткізетін көңіл-күймен күресуде ата- аналармен жұмыс атқарады және оларға көмек береді. Ата-аналарды өз баласына сауатты көмек көрсетуі үшін, оны түсінуі мен қолдау көрсетуінде қажет жеткілікті біліммен қаруландыру керек. Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті неғұрлым мол болған сайын, олар өз балаларына жалпыадамзаттық және адамгершілік құндылықтарды соғұрлым көп меңгертеді. Тұлға қауіпсіздігі – қазақстандық қоғамда басты құндылықтардың бірі болуы тиіс. Осы орайда айта кететін жайт, әрбір сынып жетекші өзінің сыныбындағы әрбір оқушының отбасын, баланың мінез-құлқын, ерекшеліктерін, оқу үлгерімін жатқа білуі тиіс. Сынып жетекшілер сыныбымен диагностикалық ағартушылық, түзету-дамытушылық жұмыстар жүргізіп, ата-анамен, мектеп психологымен тығыз қарым-қатынас жасап отыруы шарт. Сынып жетекшілерге сыныбы толығымен сенім арта білсе, оқушылар ішкі ойын ашып айта алатын жағдайға жетіп, аталмыш келеңсіздіктерден аулақ жүретін едік.
Суицидтің алдын алу және болдырмау жұмыстарын келесі бағыттарда жүзеге асыруға болады:
Диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу.
- Суицидтік қауіпі бар оқушыларды анықтау, суицидтік қауіпі бар балалар тобын және оның айналасын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу.
3.Сынып жетекшілері дәрігер мамандарымен өзара әрекеттесу, мектептегі барлық оқушыларды өмірлік құндылықтарды үгіттейтін тәрбиелік жұмыстарға қатыстыру.
- Алдын алу ретінде ата-аналармен бірге тәрбиелік іс-шараларды өткізу. Негізгі мақсаты – өмірге көзқарастарын дұрыс бағыттау және сыныптағы психологиялық климатты оңтайландыру. Осы бағыттар бойынша мектепте төмендегідей жұмыстар қарастырылады:
- Сынып оқушыларына үнемі сырттай бақылау жүргізу. Яғни, оқушылардың жекелік қасиетін анықтау, үзіліс кезеңдерде оқушылардың айналасындағылармен қарым-қатынасын бақылау;
- 1-11 сыныптың сабақтарына ену, жеке сөйлесіп кеңес беру, ата-аналарымен байланысып, түсіндірме жұмыстары ұйымдастыру;
- Суицидалды мінез-құлықтағы оқушыларға арнайы көмек ретінде оның ішкі жан дүниесіне сенімділік орнату, рухани күш беру мақсатында жеке кеңес беру. Мектеп мұғалімдері олармен болған қарым-қатынаста педагогикалық этиканы аса қатаң асқақтауы қажет;
- Барлық сыныптың оқушыларына жеке педагогикалық- психологиялық мінездеме жасау;
- Жағымсыз іс-әрекетке барғызбаудың алдын-алу жұмыстарына байланысты әңгімелесу,пікірлесу әдісі, жиналыс жасау, сынып жиналысы,тәрбие сағаты т.б іс-шаралар ұйымдастыру.
Жасөспірімдер арасындағы «суицид» — қоғамымыздың қатерлі мәселесі. Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы өжеттілік пен батырлықтың көрінісі емес, оларға шын мәнінде көмек қажет. Қоғамның көмегі қажет.
Балалар өз-өзін өлтірудің себебі көп деп түсіндіреді. Алайда, олардың басты мәселесі – жалғыздық. Егер мектепте қандай да бір проблема туындап жатса – ата-ана балаға көмек көрсету керек, ал отбасында мәселе туындап жатса – ұстаздар балаға назар аударуы тиіс. Әрбір мұғалім психолог болуы тиіс. Әрбір мұғалімнің психологиялық білімі болуы тиіс , балалар тағдырына жауапты мекеме, мектептер, үкіметтік емес ұйымдар бірлесе жұмыс жасауы керек. Сондықтан, сынып жетекші — мектептегі басты тұлға болып қалады. Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады» дегендей, біз шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершілікті үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасуымен санасуына ықпал етері сөзсіз және жағымсыз суицид туралы ойлауына жол болмайды деп ойлаймын. Қорыта айтқанда, оқушылар арасында суицидтік мінез құлықты анықтау, алдын алуда сынып жетекшілердің, мұғалімдердің орны үлкен деуге болады. Негізгі мақсатымыз – оқушыларымызға өмір құндылықтарын насихаттау. Оқушыларымыз жақсылық жасай білу, тектілік, мейірімділік, білімділік, әдептілік сияқты қасиеттерді бойына дарытқан парасатты, пайымды, зерделі, жалғыз ата-анасының ғана емес, елінің, Отанының патриоты болуға тәрбиелеу. Шешілмейтін мәселе жоқ, тек уақытысында ақылдаса отырып шешуге тырысу керек. Мәнді өмір сүру үшін балаларымызды, оқушыларымызды қызыққа да, өмірсүйгіштікке де баулу керекпіз. «Ел боламын десең бесігіңді түзе» демекші, еліміздің болашағы жастарымызды қолдап, игі істерін қолдайық».
Пайдаланған әдебиеттер:
1.ҚР «Білім туралы» Заңы [Электрондық ресурс].-URL: http://www.zakon.kz/141156-zakon-respubliki-kazakhstan-ot-27.html
- Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері.ҚР БҒМ2015 ж.
3.Абрамова Г:С., Практическая психология.-М.,2007 Балгимбаева З.М., 4.Практичаская психология образования: Учебное пособие. А., Қазақ университеті,2007
5.Овчарова Р.В, Технологии практического психолога образования: Учебное пособие для студентов и практических работников. – М.,ТЦ «Сфера»,2000
6.«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты»
ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы29.01 2012 жыл
7.Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту. Әдістемелік
құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013.
Ордабаева Жанар Бейсенбаевна
№25 жалпы орта білім беру мектебінің
педагог-психологі
Павлодар қаласы