14-15 маусым 2017 жылы «Кәсіподақтар Үйі» ғимаратында Е.А. Чуб, Қырғыз Республикасының тренері, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ, Қарағанды облысының «Кәсіподақ орталығы» КТБ, «Қазақстан Республикасының құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Қарағанды филиалынан қатысқан өкілдеріне «Жастар кеңесі. Жастардың проблемаларын шешу жолдары» тақырыбында оқыту семинар-тренингін өткізді.
Семинардың мақсаты: жастар проблемасын шешуге көмектесу, кәсіподақ көшбасшысын ілгерілету үшін Жастар кеңесін құру.
Чуб Елена Алексеевна, бас маман, жұмыскерлерді әлеуметтік-экономикалық қорғау, құрылысшылар кәсіподағы және құрылыс материалдары Республикалық комитетінің жаттықтырушысы, ЖК ККФ Атқарушы комитетінің мүшесі, «Құрылысшы» РКК ЖК хатшысы кәсіподақ міндеттерімен, құрылымдарымен және Қырғыз Республикасының Жастар кеңесі жұмыстарымен таныстырды.
Семинар барысында қатысушылар жұмыс істеп жатқан Қарағанды облысының «Келешек» жастар кеңесінің жұмысын талқылады, жас кәсіподақ көшбасшылары белсенді түрде «Келешек» республикалық жастар кеңесінің жұмысына қатысты сұрақтар қойды. Сонымен қатар, жастар арасында кәсіподақ қызметін насихаттау үшін заманауи ақпараттық әдістерді қолдану туралы шешім қабылдады.
Қатысушылар семинар ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты. Семинардың соңында барлық қатысушыларға сертификат және номинациялар бойынша дипломдар табысталды.
А.Н. Бухарбаева
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
ПҚ БАИ кәсіподақ ұйымының мүшесі
Кітапхана басшысы
Қарағанды облысы