№180 ЖББ мектепте 13-18 қараша 2017 жылы «Интернет желісі – менің өмірімде» атты шығармалар байқауы өтті. Байқау 7-10-сынып оқушылары арасында болды. Мақсаты: оқушыларды интернет желісін дұрыс мақсатта пайдалануға, желі әдептілігін сақтауға, мәдениетті болуға, уақытын үнемді жұмсауға үйрету.
Байқауға оқушылар өте қызығушылықпен, белсенділікпен қатысты. Оқушылар шығармада өз ойларын ашық айтып, интернет желісінің пайдалы мен зиянды жақтарын атап көрсеткен.
Шығарма жазудың қорытындысы төмендегідей:
1-орын 10 «Б» сынып оқушысы — Агибай Гүлнара,
2-орын 8 «А» сынып оқушысы — Серік Аружан,
3-орын 7 «Б» сынып оқушысы — Тирибосынова Дайана.
Тағы басқа мына оқушылар да жақсы ат салысқаны байқалды: 8 «Б» сынып оқушысы Тұрсынбек М., 9 «Б» сынып оқушысы Акимбекова А., 8 «В» сынып оқушылары Елібекқызы А., Ұларбекқызы Н., 9 «Г» сынып оқушылары Құлжабаев А., Калиев Н., 8 «В» сынып оқушысы Ташкенбаев Д., 7 «Б» сынып оқушылары Амантай А., Салпанова А.
Мектептің ашық жиынында орын алған оқушыларға грамота табысталды. Белсенді қатысқан басқа оқушыларға да алғыс айтылды.
Мұндай байқаулар мектепте жиі өткізіліп тұрады. Өйткені қазіргі уақытта интернет желісін пайдаланбайтын оқушы жоқ. Сондықтан да интернет желісінің пайдалы мен зиянды жақтарын саралай отырып, дұрыс мақсатта қолданғанда ғана жақсы нәтижеге қол жеткізуге болатынына оқушылардың көздері жетті.
Г.А. Торыбаева,
Алатау ауданы
Информатика пәнінің мұғалімі,
Алматы қаласы