Жастар – елдің болашағы, ертеңгі күннің жарқындығы, сәулелі болуы жастарға байланысты. Аға ұрпақ өмірден озады, олардың орнын бүгінгі тәуелсіз белбалалары басатын болады. Елбасының «Балапан» бағдарламасы бойынша ашылған Мұнайлы ауданында «№8«Алтын сақа» балабақшасында», еңбек жолын бастаған жас мамандардың жұмысы туралы ақпарат берілген. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жас мамандар жұмысқа қабылданды. Кеше ғана арнайы оқу орнындағы студент, бүгінгі жас маман балабақшада тәжірибелі мектепке дейінгі мамандардан үлгі алып, болашаққа үлкен қадам басуда. Облыстық, аудандық, балабақшаішілік іс-шараларға белсенді қатысып, жүлделі орындармен марапатталды. Олар өз жұмыстарына қызу кірісіп, алдарына үлкен мақсат қойды.
Елімізде тоталитарлық жүйенің қыспағын көрмеген, коммунистік идеологияның шарпуына шалынбаған жаңа жас ұрпақ өсіп келеді.
Бұлар – тәуелсіздіктің ұландары. Елбасы осы ұрпаққа айрықша үміт артады. Елдің ертеңі осылар деп қарайды. Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуін осы ұрпақпен тікелей байланыстырады. Осы пікірін Астанада Тәуелсіздік сарайында сайлаудан кейін өзінің Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кірісу салтанатында тағы да білдірді. Елбасы: сайлауда болашағымыз – жастардың белсенді түрде маған дауыс бергені мені ерекше тебірентеді, деді үлкен мақтаныш сезіммен.
Маңғыстау облысы, Маңғыстау селосындағы «№8 «Алтын сақа» балабақшасының» ашылғанына 3 жыл уақыт өтсе де, келешек ұрпақтың тәрбиелі де, білімді болып өсуіне өз үлестерін қосып қызмет етуде. Балабақшамызға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жас мамандар жұмысқа қабылданды. Ақтау қаласындағы Маңғыстау гумманитарлық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру» мамандығы бойынша білім алған 12-ге жуық түлектері біздің балабақшада жұмыс жасайды. Мен өзім балабақша директоры ретінде, жас мамандарға қолдау көрсетіп, салтанатты түрде рәсім өткізіліуіне үлес қосудамын. Рәсімге аудандық білім бөлімінің, білім үйлестіру орталығының басшылары келіп, жас мамандарға тілек білдірді. Жас мамандар ант берумен қатар, концерттік бағдарлама ұйымдастырып, өз өнерлерін ортаға салды. Балабақшада 38 педагог жұмыс жасауда. Оның ішінде: 14 – мамандар, 23 – тәрбиеші, 80 пайызын жас мамандар құрайды. Кәсіпорында педагогтар және жас мамандардың арасында хор ұйымдастырылып, психолог маманы жас мамандармен тренинг, пайдалы кеңестер, сауалнамалар ұйымдастырды. Ұжым жас болса да әр мерекеге жауапкершілікпен дайындалады. Соның ішінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – желтоқсан» тақырыбында педагогтар арасында өткізілген мерекелік шарада көрініс сомдалып, 1 минут үнсіздік орнады. Балабақша әдіскері жас болса да, шығармашылық қабілетке ие болғандықтан, әр түрлі мерекелік шаралар өте жоғары қарқында ұйымдастырылады. Бұндай тақырыптық шараларға мемлекеттік және жекеменшік балабақша басшылары мен әдіскерлері қатысып тұрады. Әр жылда жетістіктер апталығы ұйымдастырылып, балабақша педагогтары, тәрбиешілері шеберлігін көрсетіп, оның ішінде жас маман дене шынықтыру мамандары «Денсаулық еліне саяхат» тақырыбында мерекелік шаралар өткізді. Осындай шараларға ата-аналардың қатысуына жағдай жасап, отбасылық сайыстармен толықтырды. Жас мамандар барлық уақытта, алға ұмтылып, өз істерінің қиында, қызықты болса да, шебер маманы болуға жігерленді. Инновациялық технологияларды қолданып, денсаулық сақтау технологиясының элементтерін білім беру салалары бойынша пайдаланып ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерде балалардың білімге деген қызығушылығын оятты. Педагогтар «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен арнайы курс, семинарларға қатысады. Дене шынықтыру мамандарының ұйымдастыруымен ересек топтар арасында степ-аэробика топтары құрылды. Степ аэробика — балабақшамыздың мамандары және тәрбиешілерімен бірге өткізіледі. Хореагроф – Ә.Құбайдолла, Ақтау қаласындағы «Өнер» колледжінің түлегі, Республикалық көлемдегі «Қара жорға» би тобының мүшесі, қызыл диплом иегері, жас маман. Барлық мерекелік шараның бимен қамтамасыз етілуіне, тәрбиеленушілердің сымбатты болып өсуіне өз үлесін қосуда. Балабақша мен ата-аналар арасында ынтымақтастықта жұмыс жүргізіліп, балаларға ерекше көңіл бөлу арқылы, келешектің шын жанашыры, елдің арқа сүйер азаматтары тәрбиеленуде. Біздің балабақшада кез-келген іс-шаралар ата-аналардың қатысуымен жүзеге асады. Мектеп жасына дейінгі балалар өздерінің іс-әрекеттеріне ата-аналарының қатысқанын ұнатады. Ойын − баланың еңбегі, сондықтан өз еңбегінің жемісіне ата-аналарының қатысып, бірге бөліскені бала үшін үлкен қуаныш.
Аз ғана уақыт ішінде балабақша ұжымы көптеген облыстық және аудандық шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
2015 жылы Жаңа жыл мерекесіне орай мектеп мұғалімдері (әйелдер) арасында дойбыдан ашық аудандық біріншілігінде «№8 «Алтын сақа» балабақшасы» МКҚК жас мамандары: Әділғалиева Ж.Ә, Аймбаева А.С. І-ші орынды иеленді, “Мұнайлы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі “ММ дипломымен марапатталды. 2015жылы аудандық «Наурыз берекем, Наурыз мерекем!” атты мерекелік шара аясында өткен Қазақстан халықтарының ұлттық киімдер сайысында балабақша қызметкерлері, жас мамандар балабақшамыздың хореография мамандары І орынға ие болды, “Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” дипломымен марапатталды. 2015 жылы аудандық Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери-патриоттық әндерін сахналау байқауы бойынша балабақша ұжымы, соның ішінде жас мамандар топтық номинациясымен Бас жүлдені иеленді, Мұнайлы аудандық білім бөлімі, Мұнайлы аудандық білім үйлестіру орталығының дипломымен марапатталды. 2015 жылы Ұлы Отан соғысына 70 жылдығына орай аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы А.К.Кащиеваның ұйымдастыруымен бірлесе отырып балабақша ұжымында педагогтар мен жас мамандар арасында агитбригада құрылды. №1 орта мектеп базасында ардагерлерге “Жеңіске жетелеген әндер мен күндер” атты мерекелік концерт өткізілді, агитбригада мүшелері аудандық кәсіподақ ұйымының алғыс хатымен марапатталды. 2015 жылы облыстық Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына арналған әскери-патриоттық әндерін сахналау облыстық байқауында балабақша ұжымы Бас Жүлдені иеленді, Маңғыстау облысының білім басқармасы дипломымен марапатталып, плазмалық теледидар табысталды.
2015 жылы облыстық “Ешкім де, ештене де ұмытылмайды!” байқауында балабақша ұжымы ҚР білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының Грамотасымен марапатталды.
Осындай балабақша жетістіктері артқанына қуаныштымыз, облыстық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығының қолдауымен «Мектепке дейінгі ұйымдарда денсаулық сақтау технологиясын пайдалану жолдары» тақырыбындағы семинар ұйымдастырдық. Семинардың мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу мен оқыту процестерінің сапасын көтеру, педагогтар бойында балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған құнды бейімділіктерді қалыптастыру, жаңа технологияларды қолдану арқылы тәрбиеленушілердің дене шынықтыру-сауықтыру құзырлықтарын дамыту, салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру. Семинар жоғары деңгейде өткізіліп, қатысушылардың көңілінен шықты. Облыстық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығының қызметкерлері, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары: әдіскерлер, тәрбиешілер, дене шынықтыру мамандары алдымен осы тақырып бойынша көрмені тамашалады. Көрме жеті бөлімге бөлініп, денсаулық сақтау технологиясының мақсаты толық ашылды. Көрмеде сауықтыру, денсаулық сақтау технологиясы бойынша кітаптар әлемі, микробтар, ойындар, балалардың суреттері, тағам және денсаулық, күн тәртібі тақырыптарында ой қозғалды. Практикалық бөлімде инновациялық әдіскер М.Н. Умбетова мектепалды даярлық тобында, әлеуметтік орта саласында «Табиғатты аялайық» тақырыбында оқу іс-әрекеті ұйымдастырды. Балаларға ойлануға, еркін сөйлеуге, тапсырманы орындауға мүмкіндік жасалды. Орыс тілі мамандары К.Т. Нысанова, Г.А. Нежимова орыс тіліне балалардың тілін жаттықтырып, өзге тілде сөйлей білуге дағдыландырды. Дене шынықтыру маманы А.Ш. Айтбаева «Денсаулық еліне саяхат» тақырыбында оқу іс-әрекет ұйымдастырды. Балаларға шунгит тастарын пайдалану арқылы, болашақта майтабан болмауға алдын-алу жаттығулары жасалды. Иога жаттығуларын қайталап, тыныс алу, демді ішке дұрыс жұту әдіс-тәсілдерін меңгерді. Инновациялық технологияларды қолданып, степ аэробика құралдарын сергіту сәтінде, ойындарда қолданды. Балаларды дене бітімінің дұрыс жетілуіне, салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландырды. Әдіскер Н.К. Ыбрай «Денім сау болсын десең…» атты ата-аналарға арналған психологиялық тренинг, мастер класс өткізді. Ата-аналарға ауырмаудың жолдарын түсіндіріп, дәрілік шөптерді пайдалану, бос уақытта иога жаттығуларын қолдануға дәріс берді. Иога жаттығуының маңызы, күнделікті жұмысбастылықпен жүріп, шаршаған адамдарға мол мүмкіндік туғызатынын, жүйке жүйесіне әсері бар екенін көрсетті. Балабақша медбикесі Ұ.Н. Құрбаниязова дәрілік шөптерден ата-аналарға, қатысушыларға шай әзірлеп, пайдалану жолдарын түсіндерді. Тренингке қатысқан педагогтарға психолог маманы ерекше әсерлі көңіл-күй сыйлады.
Теориялық бөлімінде «Мектепке дейінгі ұйымдарда денсаулық сақтау технологиясын пайдалану жолдары» тақырыбында Облыстық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығындағы директорының міндетін атқарушы С.Ж. Еламанова дөңгелек үстел ұйымдастырып, қатысушылармен ой-пікірлерін бөлісті.
Мен балабақша директоры ретінде балабақша өмірінен сыр шерттім. Бала тәрбиесі жан-жақтылықты, жүйелілікті талап ететін үлкен мәселе. Өйткені, баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру, оның ой-өрісін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мектепке дейінгі мекемелердің басты міндеті. Олай болса, жаңа заманның жаңашыл ұстазы болайық! Мен ұжымдастарымды өз ісінің шебері, білімді педагог болуға шақырамын!
Өз сөзімді Ш.А. Амонашвилидің мына бір сөзімен қорытындылайын: «Ізгі ниетті педагог болу үшін, баланың орнына өзіңді қойып, ал олардың есеюіне көмек беру үшін, оларды өз балалық шағыңның ізбасары ретінде санап, бала бола білу қажет». Баланы шексіз сүю, оны дұрыс қабылдау, жан дүниесін түсіндіре отырып өмір жолында дұрыс жолға салу ата-ана мен педагогтардың міндеті. Біз жастарға сенеміз!
А.К. Абилова
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
Мұнайлы аудандық білім бөлімінің
«№8 «Алтын сақа» балабақшасы» МКҚК директоры