Бүгінгі жастар – еліміздің ертеңгі тірегі, болашақта ел басқаратын ұрпақ өкілдері. Қазіргі уақытта жастарды түрлі салада дамып келе жатқан жаңа бағыттың қозғаушы күші деп айтуға болады. Биылғы жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа жолдаған жолдауында жастар мәселесіне баса көңіл бөлгенін жақсы білеміз.
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады» — деп
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев жастардың алдына жоғары міндеттер қойып, 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынуының өзі де жастарға деген үлкен қолдау көрсетуі мен сенім артуы деп түсінеміз.
Мемлекет басшысы жастарға күш-қуат, қайрат, жігер беріп, олардың бойында Отанын сүюге деген сезімдерін арттырып, елі, жері үшін аянбай қызмет ететін патриот тұлғаны тәрбиелеуде патриоттық тәрбиені күшейту жөн деп те атап өтті.
Елбасының жолдауын қолдау мақсатында «Жамбыл-Өрлеу» тренерлерінің Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттерімен өткізген іс-шара барысында, жастар ел болашағы үшін аянбай еңбек етіп, мемлекет басшысының жастарға артқанын сенімін ақтаймыз деп өз пікірлерін айтты. Сонымен қатар алдағы жылдың «Жастар жылы» деп жариялайтынын жастарға берілген үлкен мүмкіндік деп түсіндірді.
Абдикеримова Назира Жорабекқызы
педагогика ғылымдарының магистрі
Жамбыл облысы, Тараз қаласы
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ
Деңгейлік бағдарламалар орталығының
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша тренері