Елбасы тілегі,
Елімнің жүрегі.
Жасанған елорда
Туған жер тірегі.
Мен осындай әдемі өлеңмен ару Астанамды мақтанышпен айтқым келеді. Себебі, ерке Есілдің жағасынан бой көтерген айбынды Астанамызда көптеген сәулетті биік ғимараттар бар. Айтар болсам, Ақорда, Бәйтерек, «Қазақ елі» монументі, Бейбітшілік пен келісім сарайы, Хан Шатыр, Мега ойын- сауда орталығы және тағы басқа көрікті жерлер қаламызға сән беріп тұр. Мен әсем қаламның жаңаша сәнмен салынып жатқан көркіне қуана қараймын. Осы жылы Астана қаласында «Expo-2017» көрмесі өткізіледі. Бұл мен үшін үлкен мақтаныш! Бұл көрмені тамашалауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен, шет елдерден көптеген қонақтар келеді. Мен Қазақстанымның аты әлемге танылып жатқанына өте бақыттымын. Биыл 6 шілдеде Астананың 19 жылдық мерейтойы болады. Осындай аз уақыттың ішінде Астанамыздың даңқы асқақтап, дамыған елдердің қатарына қосылып келеді. Мен әрқашан айбынды Астанамыздың жарқырауы – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының ғажайып ерлігі екенін ешқашан ұмытпаймын. Себебі мен жас қаламның жас патриотымын! Жасай бер, менің Астанам!
Жұмаш Шұғыла Ерболатқызы
Астана қаласы, №84 мектеп-лицейінің
2 «Б» сынып оқушысы