Шарбақты ауданының шығармашылық өміріндегі жарқын, орасан зор оқиғасы өткен демалыс күндері – Шахимардан Әбіловтің жүлдесіне арналған аймақаралық бесінші мерейлі вокал конкурсы өтті.
Павлодар өңірінің мәдени өмірінде қалыптасқан жылдары аймақаралық вокал конкурсы айқын көрініс тапты, оған қатысудың өзі бір мәртебе. Конкурсқа Павлодар облысы және Ресей Федерациясы Алтай өңлкесінің шекаралас жатқан Құлынды ауданының балалар музыка және өнер мектептерінен 70 аса оқушысы қатысты.
Конкурс қатысушыларының географиясын Шарбақты, Құлынды, Баянауыл, Качиры, Павлодар, Ертіс, Железин, Ақтоғай, Май аудандары және Ақсу, Екібастұз , Павлодар қалалары құрады.
Шахимардан Әбіловтің бас жүлдесін Екібастұз қаласының балалар музыка мектебінің тәрбиеленушісі Байтас Алтын (педагогы Эйрих Н.Л.) иеленді. Шарбақты ауылының балалар музыка мектебінің тәрбиеленушілері «Камертон» вокалды ансамбілі (педагогы Зайцева Я.Г.), Павлодар ауданынан Каппасов Балтабек (педагогы Каппасова А.Б.), «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешенінің тәжірибе мектебі базасынан Головчук София (педагогы Бородихина В.А.) және Баянауыл балалар өнер мектебінің тәрбиеленушісі Кабдолла Мадина (педагогы ЕрмековаК.Б.) гран-при жүлдесін жеңіп алды.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Шахимардан Әбіловтің басшылығымен беделді, әрі кәсіби қазылар алқасы конкурсқа қатысушылардың өнерін бағалады. Екі күндік тындалым музыкамен және ән айтумен, қобалжумен және уайымдаумен, педагогтармен және балалармен шығармашылық қарым-қатынасқа толы болды.