Home » Мақалалар » Жарқын жетістіктерге жеткізер  жоспар

Жарқын жетістіктерге жеткізер  жоспар

Елбасы өзінің биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған 6 нақты қадамды атап өтті.

-Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын Қостанай  облысының жастары ыстық ықыласпен, асқан қуанышпен қарсы алды. Мұның бір дәлелі – Қостанай облысында орналасқан 6697 әскери бөлімнің офицерлер, келісім шарт бойынша қызметкерлермен қатар сарбаздар  тікелей эфир барысында тыңдай алды.«Елбасы жастар мәселесін ешқашан бөлек қалдырған емес. Елдің келешегі, тәуелсіздік тұтқасын ары қарай ұстайтын, Елбасының ауқымды стратегиялық межелерін, мақсаттарын іске асыратын да жастар екені даусыз. Сондықтан да Елбасы қашан да жастардың мәселесіне ерекше назар аударып, әрбір жолдауында жастарға үлкен ықылас танытады. Келер жылдың «Жастар жылы» деп жариялануы – өңіріміздегі жастар саясатын тағы да бір үлкен серпін беретініне сеніп отырмыз. Біздің облыстағы жас сарбаздарымыздың потенциалы өте жоғары. Біз қазіргі таңда Елбасының алға қойып отырған мәселелерінің барлығын зерделеп, зерттеп, бірқатарын іске асыруды алдын ала бастапта кеткенбіз. Бүгінгі жолдау жасап жатқан жұмысымызға, қазіргі іске асырып жатқан жобаларымызға жаңа тағы да бір серпін беретініне көзіміз жетіп отыр».

-Тағы бір маңызды мәселе: — «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» 2018 жылғы 5қазандағы Қазқстан халқына кезекті жолдауы маңызды мәселесі-халықтың әл-ауқатына арналды. Елбасы анықтаған алты вектор бірінен бірі туындап қана қоймай, сонымен қатар бірінің бірі толықтырушы болып табылады және құжаттың ойластырылғанын және оның кешенділікті көрсетіп дәлелдейді. Жолдаудың «ХАЛЫҚ ТАБЫСЫНЫҢ ӨСУІ» бірінші бағыты бойынша 2019 жылдың 1 қатңтарынан бастап ең төменгі жалақы 1,5 есе, 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсетін болады. «ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты екінші бағытында Мемлекет басшысы білім, ғылым, денсаулық салаларында қаржыландыруды арттыру, мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту, педагог мәселесін заңды түрде белгілеу. ЖОО-лар жұмысы сапасына келтіретін талаптарды күшейту, сонымен қатар халықты сапасыз азық-түліктерден қорғау жөнінде міндеттерді қойған юолатын. «ӨМІР СҮРУГЕ ЖАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ» бөлімінде «НҰРЛЫ ЖЕР» мен «7-20-25» бағдарламасы арқылы қазақстандықтарды сапалы әрі қолжетіміді тұрғын үймен қамтамасыз ету, еліміздің аумақтық дамуы және құқық қорғау органдары мен сот жүйесінодан әрі жаңғырту мәселелері туралы баяндалды.Елбасы «АЗАМАТТАР СҰРАНЫСЫНА БЕЙІМДЕЛГЕН МЕМЛЕКЕТ АППАРАТЫ» қалыптастыру міндетіне баса назар аударды. «ТИІМДІ СЫРТҚЫ САЯСАТ» Презмденттің әрбір Жолдаудың маңызды бағыты болып табылады. Мұнда басымдықтар көршілес және бауырлас елдерімен әлемнің басқа да мемлекеттерге бағытталған белсенді және көпбағытты сыртқы саясатқа,сонымен қатар ұлттық мүддені прагматизм қағидаттарына сәйкес ілгерлетуге қойылатын болды. Жолдаудың соңында «ӘРБІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЕЛІМІЗДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ҮДЕРІСТЕРІНЕАТСАЛЫСУЫ» мәселесіне тоқталды. Әрбіріміз жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өркендету жолындағымаңызын жете түсінуге тиіспіз. — Бірлігіміз мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса, біз үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес болмайды, — деп атап өтті өзінің Қазақстан халқына Жолдауында Президент. Бүгінгі Елбасының Жолдауы халық арасында кең қолдауға ие болды. Біздің міндетіміз – қысқа уақытта аталған тапсырмаларды жүзеге асыру. Жарқын болашағымызды достықта, келісімде және бірлікті құрудың қажеттігін түсінетін уақыт келді. Сыбайлас жемқорлықпен күресуде қоғамның қолдау көрсетуі бұдан да артық нәтижелерге қол жеткізуге және әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруге өз септігін тигізетініне кәміл сенімдімін.

Ипатов Ерлан Берікқалиұлы
6697 әскери бөлім командирі,
подполковник

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.