Білімді жас ел ертеңі. Тұғырымыз биік тәуелсіз мемлекет болу үшін әрқайсымыздың қосар үлесіміз маңызды. Қызмет етіп жүрген саламызға барынша көңіл бөліп, халықтың пайдасына тиетіндей, адал әрі жақсы маман атану міндетті. Қай салада болсын қызмет бастамас бұрын, мамандық таңдау қазіргі таңда үлкен проблемаға әкеліп соқтырып жатыр. Осыған тікелей байланысты, бізге берілген «Жарқын елдің шамшырағы — жас маман» тақырыбында сөз етпекпін.
Мамандық таңдау оңай жұмыс емес. Мамандық үлкен жауапкершілік атқаратын аса маңызды іс. Бұл күнде жас ұрпақ мектеп қабырғасын бітіргеннен кейін мамандық таңдаудан қателесіп келуде. Орта, жоғары т.б оқу орындарын тәмамдап, маман иесі атанып, кейін келе сол салада қызметтерін бастамай жолдарынан таянып жатқандары қаншама. Ол оқып шыққан мамандықты бітіріп, дипломды үсті-үстіне басып керек жарағына пайдаланбай, алған білімді ары қарай сусындатпасақ … Ол не болғаны? Мына бір сөздің мағынасыма, —
Диплом көп те білім аз,
Сол білімге бәрі мәз!
Сол себепті еліміздің болашағы мәңгілік жастарымыздың мамандық таңдаудан шатаспағаны жөн. Мамандық таңдау – өміріміздің бір кірпішін дұрыс қалау. Онымен сен белгілі бір қызметіңді бастап, ең алдымен отбасыңды асырайсың, еліңе, жеріңе өз үлесіңді тигізесін, өмір сүресің. Еліміздің өркендеп өсуіне бәріміздің ат салысуымыз міндетті. Санамызға келген ойды қиялдаған дұрыс қой. Бал дәурен балалық шақта бірі дәрігер, біріміз мұғалім, кейбіреулеріміз профессор т.с.с басқа да маман иесі болуды армандағанбыз. Мектеп табалдырығында менде өзгелер секілді мұғалім болғанды арман тұтқан болатынмын. Мамандық таңдауда әр адам өз қызығушылығына, қабілетіне, қалауына сүйену керек деген бекер емес шығар. Расымен, қазір ел ордамыз Астана қаласында бастауыш сынып мұғалімі мамандығында ұстаздық етіп жатырмын. Ұстаз – ол ұлы тұлға. Жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам мен халықтың үмітін болашағын айқындайтын сенімді өкілі. Себебі, ұстаздан түрлі маман иелері тарайды. Қазіргі таңда нарықтық қатынасқа өткеннен кейін заман талабына сай түрліше мамандықтар дүние есігін ашып жатыр. Соны ескере бала ойына тез жаттығатын амалдар мен тәсілдерді т.б, үнемі жаңаша ізденісте болып, заманауи оқыту үлгілері бойынша сабақ беруге ден қойғанмын. Болашағы айқын, сәулесі шамшырақтай оқушы балаларға әрдайым дұрыс бағыт беріп отырамын. Бала жастайынан естігенін, көргенін естіп, көріп біледі. Отбасы түп тамыры болса, ұстаз діңгегі одан әрі баланы өрістетеді, дамытады.
Жарқын елдің шамшырағы – жас маман. Сапалы білім, ерең еңбек, бала қиялы мен мақсатын ұштастыру. Адам қолынан келмейтін іс жоқтың қасы. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет деп санаймын. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жете біледі. Демек, бастысы, бала сұранысы мен қызығушылығы болса, ол азаматтан жоғары аталған дәрігер, мұғалім, профессор т.б маман иесі шығады деп қорытынды келтіргім келеді.
Сатбергенова Жансая Дарханқызы,
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
«№ 34 орта мектеп» КММ
бастауыш сынып мұғалімі