Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты.
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін, —
деп өткен ғасырда жастарға сенім артып, олардың болашағын көрегенділікпен жырлаған М.Жұмабаев атамыздың өлең жолдарымен бастағым келіп отыр. Биылғы 201 жыл біздер үшін, яғни тәуелсіз Қазақстанның жастары үшін ерекше жыл болмақ. Өйткені, «Жастар жылы» болып тарих беттерінен орын алмақ. Бұл біз үшін, еңбек жолын енді бастаған жас мамандар үшін де, білім алып жатқандар үшін де үлкен мәртебе, мақтаныш, Елбасының жастарға артқан үміті, сенімі дер едім. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бұған дейін де жастарға ерекше көңіл бөліп, Қазақстан мемлекетінің мықты іргетасы, шуағын шашар сәулесі, көк туын көкке желбірететін ұландары біздер екенін айтып жүрді. Әрқашан жастармен қоян қолтық араласып, олардың әрбір жетістігіне қуанып, демеу білдіріп жүр.
(мамандығым – тәрбиеші) өзіңді жақсы жағынан көрсетіп, үлкен ұжым арасында, беделің жоғары болуы үшін ізденіс пен өзіңнің мамандығына деген махабатын, үлгілі тәртіп – тәрбиең болуы керек екеніне көзім жетті. Мен таңдаған мамандық – мамандықтың құрметтісі, жауапкершілігі мол екенін білемін, сондықтан да аса ұқыптылықпен, ізденіспен, жаңашылдықпен дайындаламын. Мен ұстаз мамандығын таңдаумен бірге өзімнің Отанымның алдында әрбір баланытанымның алдында әрбір баланың дұрыс тәлім – тәрбие алып, саналы азамат болып өсулері жолында жауапты адам екенімді сезінемін. Ел болашағы білімді жастардың қолында деген қағиданы ұстанып орта арнаулы мамандықпен шектелмей әрі қарай жоғары оқу орнында білім алудамын. Өзімнің алған білімімді елдің игілігіне пайдалансам өзімді бақытты адам санар едім. Мен өзімнің замандастарымды, жастарды еліміздің көркеюі жолында еңбек етуге, өз елімнің патриоты болуға шақырамын. Әр заманның жастары өздерінше өз заманының бұлбұлы, дүлдүлі болса, біз қазіргі Тәуелсіз Қазақстанның бақытты жастарымыз, біз бақытты болсақ, тату – тәтті болсақ, еңбектен қашпайтын болсақ онда біздің Отанымызда бақыт, тыныштық, бейбітшілік, ырыс – ынтымақ, бастысы Тәуелсіздігіміз мәңгілік болмақ, өйткені біз «Мәңгілік елдің» жастарымыз.
Кашкинбекова Жанар Тойгамбеккызы
Балқаш қ. «Ақбота» МЖДМ КМҚК