« Адам мен табиғаттың тілдескені- өмірдің үндескені»
2018 жылдың 11-сәуірінде Астана қаласының №63 «Әсем-Ай» балабақшасы ұйымдастырған Оқушылар сарайында «Жарқын болашақ» атты экофестиваль өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында: «Ресурстық әлеуетті қолдану тиімділігін барынша жақсарту керек. Қазіргі уақытта ақпараттық-технологиялық шешімдерді енгізу талап етіліп отыр. Бұл шығарылатын өнімдердің үлесін арттыруға, оларды қайта өңдеу тереңдігін меңгеруге, сонымен бірге энергияны үнемдеуге және өндірістің экологиясының жақсаруына мүмкіндік береді» деген екен.
Экофестивальдің мақсаты: «Балалардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, табиғат ресурстарын үнемді пайдалануға баулу».
Экофестивальге қатысқан қонақтар: Курманбаева М.Ж.- «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, Сатыбалдиева Г.К.- С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті «Экология» кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, доцент, Абсеитов Е.Т.- Л.Н.Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің доценті, техника ғылымдарының кандидаты, Бадел А.Б.- «Профи Едюкейшн» кәсіптік даярлау және біліктілікті арттыру оқыту әдістемелік орталығының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, Есергепов Т.Р.- TAU INNOVATIVE SOLUTIONS компаниясының директоры, «Қарлығаш» балабақшасының меңгерушісі Искакова Г.К., №84 «Кәусар» балабақшасының меңгерушісі Базарбай Д.А., №73 «Аяулым» балабақшасының әдіскері Омарова А.Ш., тәрбиешілер мен балабақша ата-аналары шақырылды.
«Табыс алаңы» кластер аясында өткізілген бұл фестивальде қарастырылған мәселенің бірі- мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық мәдениетті қалай жетілдіруге болатыны жайында тақырып кең көлемде ашылды. Өсіп келе жатқан жас жеткіншіктерге туған жердің табиғаты мен байлығын аялауды үйрету, оларды қорғауға баулуды жүректеріне ұялату –біздің міндетіміз.
Экофестивальдің шымылдығын №63«Әсем-Ай» балабақшасының меңгерушісі Байботанова А.Ж. ашты. Аида Жұманқызы балабақшада экологиялық бағытта жасалынған жұмыстар жайында айтып, алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті. Кластер жұмысын әрі қарай жандандырып, өскелең ұрпақты табиғат ресурстарын қадірлеуді үйрету керектігін атап кетті.
Балабақша бүлдіршіндері өз өнерлерін ортаға салды. Музыка жетекшісі Андабаева Ж.Т. жетекшілігімен «Меруерт» мектепалды даярлық тобының қыздары «Гүл-көбелек» әнімен бастап, экофестивальдің сәнін аша түсті. Би жетекшісі Әмренова Н.В. биші қыздары «Жалын құс» биін билеп, ертегі әлеміне түскендей сезімде болдық.
Экофестивальдің жұмыс бағытының жоспары бойынша Курманбаева М.Ж. «Экологиялық жоба жасауда балалардың креативтіліктерін дамыту» тақырыбында өз ойын ортаға салды. Балалардың шығармашылықтарын қаншалықты жан-жақты дамытуға болатынына тоқталды. Сатыбалдиева Г.К. өзінің «Экологиялық білім және тәрбие» атты баяндамасында, мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық тәрбиені жүзеге асырудың жолдарын айтып кетті. Гульмира Калмашевна өзінің авторлық «Экология» атты кітаптарын таныстырып, балабақшаға арналған ертегі кітаптарын сыйға тартты. Бәдел А.Б «Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің педагогикалық-әдістемелік негіздері » жайында өз ойын ортаға салды. Есергепов Т.Р- «Зеленый Казахстан. Первый успешный опыт внедрения раздельного сбора отходов» атты баяндамасында, табиғат ресурстарын үнемдейтін және қалдықтардың қайтадан өңдеуге болатын технологияларының жұмысымен таныстырды. Өз компаниясының мақсаты мен жоспарларымен бөлісті. Балабақша психологы Сатыбалдиева Ж.К. қонақтарды «Экощеңберге» тұрғызып, өзінің тренингін жүргізді. Қатысушылар тренингке белсене қатысып, өз шығармашылықтарын көрсетті. Сондай-ақ, балабақшамызда экологиялық тақырыпқа арналған шығармашылық жобалар жасалуда, Соның бірі қысқа мерзімді «Ақ қайың » атты шығармашылық жобасын тәрбиешіміз Қуаныш Қымбат шебер сынып көрсетті. Балалармен жасалған жобасында қайыңның түрлері, оның ерекшеліктері жайында, өткізілген оқу қызметтерінің маңызы туралы атап кетті. Ағылшын мұғалімі Джумакулова Алия өзінің жазған экологиялық ертегілері жайында айтты. Оның ертегілерінің ерекшелігі-қоршаған ортаның әр бөлшегінде жанның болуы. Сонымен қатар, ата-аналармен жасалынған экологиялық тақырыпқа арналған лэпбуктер, балалардың табиғат жайындағы суреттері көрмеге қойылды.
Экофестивальге қатысқан қатысушылар алдағы уақытта кластер жұмысын жандандыру барысында қандай міндеттерді алға қою керектігі жайында өз ұсынымдарын айтып кетті. Сөз соңында, қатысушылар өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, пікірлерімен бөлісті. Көктем аруы қатысушыларды «Қысқы баққа» серуенге шақырып, ондағы өсімдіктердің түрлерімен таныстырды. «Бір тал кессең, он тал ек» деп халқымыз бекерге айтпаған. Қонақтар естелікке гүл тұқымдарын егіп, экофестиваль өз мәресіне жетті. Аида Жұманқызы басқарған ұжымның алар белестері алда екеніне сенеміз, тек шығармашылық табыс тілейміз!
Мейрманова Гульдана Сериковна,
№63 «Әсем-Ай» балабақшасының
инновация әдіскері