Home » Жаңалықтар » Жарқын болашаққа жол

Жарқын болашаққа жол

Халқымыздың тәуелсіздікке қол жеткізгеніне ширек ғасыр болсада, қадау-қадау еңсерген биіктерін көзбен көріп қуанбасқа болмас. Еліміздің көреген көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған әр Жолдауы –халықтың қолына ұстаған шамшырағы іспеттес, ең басты саяси құжаты екені баршамызға аян. Өйткені, ол келешекке бағыт сілтеп, бағдар береді.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік ревалюция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті Жолдауы колледж студенттеріне түсіндірілді және онда Елбасының жүзеге асуы тиіс 10 негізгі міндеті кеңінен насихатталып, жүзеге асырылуда. Жолдаудың жетінші міндетін «Адами капитал-жаңғыру негізгі» деп атап, білім беру саласындағы бірқатар атқарылатын шараларға тоқтатылған. Соның ішінде білім беру бағдарламаласын халқаралық талаптарға сай жаңартуды айтып өткен. Елбасы жолдаулары бір-бірімен сабақтасып жатқан бірегей құжат.

Білім – бүгінгінің басты қажеттілігі. Келешек ұрпақты ең бірінші білімге құштар болуға үндеудің сыры осында. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған әрбір ойдың астарында терең мағына, парсатты пікір жатыр. Сондықтан бүгінгі ұстаздардың міндеттері-жас ұрпақ бойына өз еліне деген патриоттық сезімдерін оятып, ұлттық игіліктер мен мәдени мұрасын танып білген кез-келген жауапты шешімді қабылдай алатын, қабілітті, рухани бай, мәдениетті тұлғаны қалыптастыру болып отыр.

Олай болса, мақсатымыз айқын: келешек жастарды тек қана жаңару арқылы жарқын болашаққа жетелейік.

Омарова Жанар,
Сарыағаш көпсалалы колледжі
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.