Қызылорда облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) жұмыс жоспарына сәйкес кезекті шара республикалық эксперимент алаңы Қызылорда қаласындағы «Алпамыс» балабақшасының базасында «Жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде іздену-эксперименттік әрекетті ұйымдастыру» тақырыбында өткізілді. Шараға аудандар және Қызылорда қаласынан 70-тен аса педагог қатысты.
Облыстық семинар «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты мемлекет басшысының 2018 жылғы халыққа Жолдауында айтылған «Адами капитал — жаңғыру негізі» — жетінші міндетін жүзеге асыру бойынша атқарылып жатырған жұмыстарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
«Алпамыс» балабақшасының педагогтары жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы оқу-тәрбие үдерісіне енгізілген инновациялық әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдану жолдарын көрсетіп, жан-жақты насихаттады.
Семинарды Қызылорда облыстық оқу орталығы директорының орынбасары Г.Дихамбаева ашып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес білім беру процесінің тиімділігін арттыру мәселелеріне тоқталды.
Оның ішінде, робототехника үйірмелерін ашу, балалардың іздену-эксперименттік әрекеттерін ұйымдастыру, педагогтардың кәсіби шеберліктерін арттыру проблемалары бойынша ұсыныстарын жеткізді. Бағдарламаға сәйкес, «Ақыл ойындары», «Junior cybertronics» робототехника үйірмелері, «Мен әлемді зерттеймін» жоба жұмыстары ұсынылып, тәрбиешілердің «Шығармашылық», «Таным» білім беру салалары бойынша кіріктірілген (интеграция) оқу қызметтерінің шеберлік сыныптары өткізілді.
Сонымен бірге, семинар қонақтары «Біз еңбекқор баламыз» өтпелі тақырыбы бойынша бейне-материалдар көрсетіліміне, «Менің қалам-Қызылорда» кішкентай зерттеушілердің жоба қорғау жұмыстарына қатысты. Семинар соңында қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, шығармашыл педагогтар арнайы сертификаттармен марапатталды.
Жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында:
- Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдану жолдарын жан-жақты қарастыру;
- Ұйымдастырылған оқу қызметтері барысында «Жобалау», «Step by step», «Денсаулық сақтау», «Ойын», «ТРИЗ», «АКТ» және тағы басқа оқытудың белсенді (интерактивті) әдістерін қолдануды жүзеге асыру;
- Жаратылыстану оқу қызметінде балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес іздену-эксперименттік жұмыстарын ұйымдастыруға баса назар аудару;
- «Жобалау» технологияларын меңгеруде педагогтардың ізденістері, кәсіби белсенділіктері мен шығармашылықтарын дамыту;
- Әрбір баланың жағымды көңіл-күйін қамтамасыз ете отырып, баланы мектепте оқуға мақсатты түрде дайындау;
- Шығармашылық ізденіспен жұмыс жүргізетін педагогтарға әдістемелік қолдау көрсету және олардың озық іс-тәжірибелерін насихаттау;
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес білім беру процесінің тиімділігін арттыру.
Балабақшада семинар басталмас бұрын «Робототехника» кабинетінің жабдықталуы және материалдармен таныстырылды. Ортаңғы және ересек топтарындағы апталық тақырып «Біз еңбекқор баламыз» сай видеороликтермен мативациялық кезең ұйымдастырылып көрсетілді.
Семинар жұмысы «Біз еңбекқор баламыз» музыкалық прологымен басталды.
«Ғажайыптар әлемі» және «Талантты бөбек» ІІ кіші топ тәрбиешілері Махмутова Гүлмейрам, Жұманғалиева Айдана оқу қызметтері арасында үзілістерде «Ақыл ойындары» ойыншықтарымен жұмыстар жасауға болатынын көрсетті.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша ұйымдастырылған оқу қызметтері «Білімділер бекеті» ортаңғы тобында Аппликация оқу қызметі
«Бидай мен қаңбақ» тақырыбында Жетпісбаева Сая жаңаша жұмысын ұйымдастыра білді.
«Зерттеуші бүлдіршіндер» ортаңғы тобы Сурет салу оқу қызметін «Алғашқы бәйшешек» тақырыбындағы жұмысымен тәрбиеші Тұяқбаева Қалдан көрсетті.
«Таным» білім беру саласы бойынша ұйымдастырылған оқу қызметтері
«Әмбебап балдырған» және «Жас ізденімпаз» ересектер топтарында Жаратылыстану оқу қызметі «Терезе алдында не өсіп тұр?» тақырыбында тәрбиешілері Серікова Гүлсезім, Әбжалиева Есенкүл шеберлікпен жұмыс көрсетті.
Үйірме және жобалау –зерттеу жұмыстары Акт залында жүргізілді.
«Junior cybertronics» робототехника үйірмесін жұмысымен Сағидан Сағиля шеберлік сыныбын көрсетті.
“Астана Профи Консалтинг” менеджері Сахов Әкім Байдосұлы-
“Учебный методический комплекс по образовательной робототехнике. Начиная от детского сада до колледжа” тақырыбындағы презентациясын жасады.
«Мен әлемді зерттеймін» жоба жұмыстарын ұйымдастыру барысын Серікова Гүлсезім тәрбиеленушілерімен зерттеу жұмыстарын көрсетті.
«Ақыл ойындары» үйірмесі Махмутова Гүлмейрам –тәрбиеші
«Менің қалам — Қызылорда!» тақырыбында кішкентай зерттеушілер Әбілхайыр Шахрияр мен Маратқызы Гүлсезім жобаларын қорғады.
Тәрбиешілері Атабаева Жанар баланың қызығушылығын арттырудағы тағы бір қызықты жұмыс көрсетті.
Алдағы уақытта да еліміздің болашағы бүлдіршіндерімізді мектепке дейінгі тәрбие беруге қосар үлесі міз зор болмақ деп айта аламыз.
Есқали Зағи Алмағамбетқызы,
«Алпамыс» балабақшасының меңгерушісі