Бұл оқу бағдарламасы оқыту үдерісінде оқушылардың пəн салалары бойынша білім мен біліктерді саналы түрде меңгеруі үшін əр пəннің əдістемелік əлеуетін қолдануға, оқу, жоба, зерттеу іс-əрекеттері тəсілдерін меңгеру арқылы дербестігінін дамытуға, əлеуметтік мəдени кеңістікте орнын таба білуі үшін біліктерді меңгеруге бағыттайды. Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс- əрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады.
Жаратылыстану бағытында бастауыш сыныптарда білім беруде əлем жайлы ой-өрістерінің кеңеюіне, қоршаған əлемді қабылдаудың дамуына, қоршаған ортаны қорғау жəне бағалай білулеріне көмектеседі.
Бастауыш мектепте оқушылар «Жаратылыстану» пəнін оқу мен меңгеруде мына нәрселерді түсінуге мүмкіндік алады:
- қоршаған əлемнің бір – бірімен өзара байланысын;
- өлі жəне тірі табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстардың себептерін;
- жаратылыстану бағытындағы білімнің адам үшін маңыздылығын.
Жаратылыстану пәні қоршаған əлемнің түрлі құбылыстары мен нысандары жайлы білімнің жинақталуына жəне күнделікті өмірде алуан түрлі практикалық жəне зерттеу əрекеттері арқылы алынған білімнің байланысын түсінудің қалыптасуына көмектеседі.
Бастауыш сыныпта «Жаратылыстану» пəнінен оқу бағдарламасы зерттеу, ойлау, коммуникативтік дағдылар мен біліктіліктер негіздерінің қалыптасуына бағытталып жасалған. Бұл пәннің негізгі мақсаты – жоғарғы сыныптардағы «Биология», «География», «Химия», «Физика» пəндерінің негізін қалауға, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуіне дағдыларын қалыптастыру болып келеді. Яғни, айналаны бақылап, зерттеп үйренеді. Өлі жəне тірі табиғаттағы өзара байланысты, адам əрекетінің қоршаған ортаға қалай ықпал ететінін ашуға көмектесетін қарапайым эксперименттер мен бақылаулар жүргізе алады.
Пән аптасына бір сағат оқытылады. Оқулықта берілген материалдар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жасалған.
Пəннің негізгі міндеті — қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымы мен оның əдістері туралы білім негіздерін қалыптастыру және техника мен технология дамуына елеулі ықпал еткен маңызды идеяларымен, жетістіктерімен таныстыру болып отыр.
Сонымен бірге қоршаған əлемнің құбылыстарын түсіне отырып, өмірлік маңызды мазмұны бар ақпаратты қабылдау біліктіліктерін қалыптастыру көзделген. Пәнді оқу барысында оқушылардың зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, сын тұрғысынан ойлау қабілетін қарапайым зерттеулер жүргізуде дамыту қажет. Ол үшін күнделікті өмірде тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи технологияларды сауатты пайдалану біліктерін қамтамасыз ету керек.
«Жаратылыстану» оқу пəнінің «ортақ тақырыптарының» мазмұны оқушының жақын аймағынан, яғни оның өз іс-əрекетімен тікелей байланысты тақырыптарды оқудан басталады. Бұл жерде балалар тақырып бойынша өз ойын білдіруге, сұрақ қоюға, сұрақтарға жауап іздеуге үйренуі тиіс. Осының негізінде, оқушы білімді дайын күйінде алмай, оны өзі іздену арқылы , оқу əрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынады, оның ережелер жүйесін түсінеді жəне қабылдайды, жетілдіруге белсенді қатысады. Яғни, оқушылардың оқу əрекеттері былай топтастырылады: «біледі», «түсінеді», «талдайды», «бағалайды», «синтездейді».
Сондай-ақ оқу үдерісінде білімді меңгертуде ойын іс-əрекетін қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға қолайлы болып келеді. Педагогикалық ойын технологиясын пайдалануда оқушыларға нақты оқу мақсаты қойылады. Ойын арқылы белгілі нəтижеге қол жеткізу жоспарланады. Оқу əрекеті арқылы ойын ережелеріне бағынады, оқу материалы ойынның құралы болып табылады. Мысалы, «Он сұрақ», «Әліппи желісі», «Артығы қайсы?» ойындары оқушыға әрі қызықты ,әрі оқу материалын оңай меңгеруге мүмкіндік береді.
Бастауыш сыныпта білім алушыларының жас ерекшеліктеріне сəйкес жобалау əдісі толығымен жүзеге асырылмайды. Бірақ, мұғалімнің көмегімен білім алушының іс-əрекеті толығымен сақталады. Мұнда ұжымдық, топтық жобалар бойынша жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылады. Жобалық жұмыстарды ұйымдастыру сабақпен шектелмейді, сабақтан тыс интеграцияда қарастырылады. Мысалы, бақылау, зерттеу жүргізу арқылы, интернет желісінен ақпараттар іздеу арқылы жүзеге асып отырады.
Пəнді оқыту үшін мамандандырылған зертхананың болуы міндетті емес, мүмкіндік болған жағдайда биология, физика жəне химия кабинеттері ресурстарын қолдануға болады. Пəн мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері жинақталған білім, түсінік жəне дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Əр бөлімше ішінде ұйымдастырылған оқу мақсаттары мұғалімдерге өз жұмысын жоспарлауға жəне оқушылар жетістігін бағалауға, сондай-ақ, оларды оқудың келесі кезеңдері жөнінде ақпараттандыруға мүмкіндік береді.
Қорыта келгенде, пəн мазмұнын меңгеру жəне оқу мақсаттарына қол жеткізу үдерісінде оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, атап айтсақ: қажетті ақпараттарды іздеу, өңдеу, алу, құру жəне көрсету, жаңа идеялармен алмасу үшін бірлесіп əрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану арқылы өз жұмысын бағалау жəне жетілдіру сияқты қолдану дағдыларын дамыту үшін жағдайлар жасау керек деп ойлаймын.
Елдесбаева Нуржамал Балабатыровна
Жаңаөзен қаласы,
№10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі