Home » Жаңалықтар » Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиада алғаш рет онлайн-режимде көрсетіледі

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиада алғаш рет онлайн-режимде көрсетіледі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ақтөбе облысының әкімі қолдауымен жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Ақтөбе қаласында 15-20 наурыз аралығында республикалық олимпиада өткізеді. Оқушылардың олимпиадаға қатысу барысында ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында 21 жыл ішінде алғаш рет олимпиада онлайн-режимде көрсетіледі (бейнетрансляцияға сілтемелер ҚР БҒМ әлеуметтік желілердегі аккаунттарында жарияланатын болады). Ендігі кезекте кез келген адам олимпиадаға виртуалды қатыса алады және оқушылардың жауаптарын тексеру кезінде қазылар алқасы мүшелерінің жұмысының объективтілігіне көз жеткізе алады. Олимпиада Ақтөбе қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінде» өтеді.

Өтетін орны мен уақыты: ашылу рәсімі — 15 наурыз, сағат 10.00-де, Ақтөбе қаласы, Өнер орталығы, Әбілхайыр хан к-сі, 90 Б; жабылу рәсімі — 20 наурыз, сағат 10.00-де, Өнер орталығы,

Журналистерді аккредиттеу үшін: pressa.edu@gmail.com Арман 87027259713, (7172) 29-52-32, 29-50-76.

Анықтама үшін. Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білім мен практикалық дағдыларды тереңдету. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Олимпиадаға 832 оқушы қатысады, оның ішінде құрама команда қатысушылары — 83 халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары мен жүлдегерлері, Қазақстанның барлық өңірлерінен, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, республикалық білім беру ұйымдарынан, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымынан 19 команда қатысады. Ақтөбе қаласында өтетін республикалық олимпиаданы өткізу бағдарламасы ұйымдастыру іс-шараларынан, мәдени-экскурсиялық бағдарламалардан, салтанатты ашылу және жабылу салтанаттарынан тұрады. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР БҒМ I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

 

ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.