Home » Жаңалықтар » Жарайсың, Азамат!

Жарайсың, Азамат!

Математика – ғылымның атасы. Қай салада болмасын математика пәнінің алар орны ерекше.

      Күздің қоңыр салқынына қарамастан Қызылорда қаласында Болашақ Университетінің колледжінде кәсіптік білім беру оқу орындары арасында «Техникалық мамандықтар» пәндері циклдық комиссиясының ұйымдастыруымен «Білікті маман – тәуелсіз елдің болашағы» атты апталық аясында өткен «Болашақ математиктер» атты облыстық білім сайысы болып өтті. Сайысқа облыстағы барлық колледждерден 40-тан астам студент жастар қатысып бақ сынасты.

Білім сайысына мен сабақ беретін политехникалық мамандықтар оқу топтарының ішінен өзінің математикаға деген ерекше қызығушылығымен көзге түсіп жүрген Жусупов Азамат қатысып оза шауып, І-дәрежелі дипломмен марапатталды.

Азамат математикаға ерекше қабілетті. Қай уақытта болмасын сабаққа аса қызығушылықпен қатысып әрдайым белсенділік танытып отырады. Қандай да қиын есептер болсын сабырлылықпен, ізденімпаздықпен шешімін тауып, өзгелерден ерекшеленіп отырады. Осындай алғыр да қабілетті студент жастарға білім беріп, болашағын бағыттау – әрбір ұстаздың арманы. Мен Азаматтай студентімнің болғанын мақтан етемін. Жарайсың, Азамат!

Әйгерім Амантайқызы,

И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда

политехникалық-аграрлық жоғары

колледжінің математика пәнінің

І-санатты мұғалімі,
Қызылорда қаласы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.