Home » Жаңалықтар » Жан жылуын сыйлаған қайырымдылық шарасы

Жан жылуын сыйлаған қайырымдылық шарасы

Ағымдағы  жылдың 19 наурызында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және «Сыр мейірімі» қоғамдық әлеуметтік қорының бірлесе ұйымдастыруымен әлеуметтік жағынан қорғалмаған, көмекке мұқтаж, тұрмысы төмен отбасыларына қайырымдылық шарасы өткізілді.Көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен көмекке мұқтаж отбасыларға қамқорлық жасау, көмектесу, қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылып отырған игі шара барысында қаламыздың көмекке мұқтаж (10 отбасы) отбасыларына азық-түлiкпен көмек көрсетілді. Наурыз мерекесіне орай институт тарапынан ұйымдастырылған шара барысында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Б.Елеусінов өз кезегінде Елбасының сындарлы саясатының нәтижесінде елімізде халықтың әл-ауқатының сапасы жақсарып келе жатқандығын атап өтіп, бұл акция жыл бойы жалғасатындығын жеткізді.

Қызылорда облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.