«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, жібектей сусыған өмірде кейде жаныңда жүрген жайдары жандардың игі істерін де елемей жататынымыз рас. Өнегелі адамдарды ардақтап, олардың қабілеттері мен дарындарын ұрпаққа үлгі етіп отыратын халқымыз «Жаныңда жүр жақсы адам» деп көкірегі ояу, рухы биік, жүрегі таза тұлғаларды қашанда қолдап, мерейін арттырып отыруға игі ықпал еткен.
Осындай жаны жайсаң, көңілі ашық, білім саласында аянбай еңбек етіп, ерекше сымбатымен, білімімен ел мәртебесін асқақтатып жүрген, бес қыз және бір ұлдың мейірімді анасы «Ана» менен «Ұстаз» деген ең ұлы қос есімнің қасиетін бірге алып жүрген, өз тілін ерекше сүйген жан – Нурманова Куралай Шаравбаевна
Еңбегі де елеусіз болған жоқ, марапаттары да жеткілікті, атап айтсақ: “Құрмет” ордені, “Қосай ата” медалі, “Мәртебелі мектеп директоры” “Ыбырай Алтынсарин” төсбелгісінің иегері, «Заманауи менеджер» номинациясының жеңімпазы, Республикалық директорлар кеңесінің мүшесі – Нурманова Куралай Шаравбаевна.
Мектебіміздің ашылғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Әрине, «Білім – инемен құдық қазғандай» дегенге сүйенсек, төрт жыл уақыт бір білім ордасының қалыптасып, өте мықты ұжым құрып, үздік шәкірттер тәрбиелеп, ауданды былай қойғанда, облыста І орынмен «Ең үздік мектеп», республикада білім беру ұйымы басшыларының «Табысты менеджер – 2017» номинациясы бойынша, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамы филиалы ҚР білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институттың директоры п.ғ.д., Ж.Мақатова профессордың «Құрмет грамотасы» мен марапатталды, осындай жетістікке жету үшін өте аз мерзім екені анық.
Жаңа мектеп жаңа білім ордасы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес «100 мектеп – 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып, 2014 жылдың 9 қаңтарында пайдалануға берілді. Жалпы сыйымдылығы – 960. Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Батыр ауылдық округінде орналасқан «№10 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-сі, 2013-2014 оқу жылында мектебіміз жалпыға бірдей міндетті оқу заңын негізге ала отырып, 137 оқушымен бастады. Биылғы оқу жылы 3101 оқушыға жетті. Педагог мамандар саны ашылған жылы – 27 болса, ал қазір 220 мұғалім. Бұл ілгерілеудің, өзгерістің қарқындылығын көрсетеді. Бұл көрсеткіштер тек санмен ғана емес, сапамен де қатар дамығандығын, біздің мектебімізде жасалып жатқан жұмыстардың нәтижелерін дәлелдейді. Олар мектебіміздегі «Табиғатпен үндес мектеп жобасы», «Мәңгілік ел» мұражайы, мектеп жанындағы жылыжай, «1000 ағаш» жобасы, «1000 кітап» жобасы, туған ел бағдарламасы бойынша ашылған – Абайтану, Сайынтану, Әбіштану, Өмірзақтану кабинеттері, үштұғырлық бағытындағы – «Абай әлеміне саяхат» клубы, мектеп ішімен сыртын көгалдандырылуы, энергияның көзін пайдалану арқылы оны үнемдеу және т.б. күнделікті қосылып жатырған жаңа идеялар ілегі өскелең ұрпақты тәрбиелеуде көмегін тигізеріне күмән жоқ. Осы жұмыста іскер, өзіне де басқаға да талапшыл, үйлестіру мен ұйымдастыру қабілеті жоғары басшының рөлін айтпаса да түсінікті.
Мектеп директорының жасалынып жатқан жұмыстары еленіп, 17.08.2017 жылы, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі ерекше жетістіктері үшін облыстық тамыз кеңесінде Нурманова Куралай Шаравбаевнаға «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі табыс етіліп, облыс әкімі Ералы Тоғжанов ерекше алғысын білдірді. Сондай-ақ, 2017 жылы Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының қолдауымен «Эрудит» интеллектуалды білім порталының ұйымдастырған байқауда «Ең үздік мектеп» — жүлделі І орын «Диплом» мен марапатталғанын мақтанышпен айта кетуге болады.
Әл-Фараби бабамыздың: «Білім жолына түскен жан күнделікті күйбең тіршілікті ойланбауы қажет» деген сөзі, біз әңгіме етіп отырған мектептің директоры Нурманова Куралай Шаравбаевнаға арналып айтылғандай. Мамандығы қазақ тілі және әдебиеті пән мұғалімі Куралай Шаравбаевна өз ісіне берік, жаңалыққа жаны құмар жан. Өз мамандығын құлай сүйгендіктен, таңертең мектепке келіп, мектеп тыныс тіршілігімен танысады, мектеп жанынан ашылған жобаларға кітап жазған ғалым ұстаз. Осы еңбекқор, талапкер қасиеттерінің арқасында жаңадан ашылған білім ошағында нәтижелі жұмыс істеп, мұғалімдердің оқушыларға саналы тәрбие, сапалы білім беруінде, өмірдің ағымына ілесе алатын, өзінің және елінің болашағы үшін адами жауапкершілік шешімдерді қабылдай алатын, бәсекеге қабілетті, сан қырлы, жүйрік ойлы дұрыс жол көрсеткен білікті басшы.
Мектебімізде балалардың алаңсыз білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. Мұның бәрі айтуға ғана оңай, әйтпесе, осындай дүниелерді жасаудың астарында қаншама еңбек, қаншама тер, күш жатыр десеңізші.
Жүйелі жұмыстардың нәтижелілігі төмендегіше:
Көріп отырған сүбелі істердің қасында әрі басшы, әрі ақылшы бола алатын, әрі көмек бере алатын – нағыз менеджер адаммен жұмыстас болғанымды мақтан етемін.
Айта берсек, жеткен жетістіктері мен сіңірген еңбегі қаншалықты көп болса да асқақтамай, «Биік таулар, биікпін деп шіренбе!» деген өлең жолындағыдай, үнемі қарапайым қалпын сақтаған, қашан көрсең жарқын жүзімен күлімдеп баурап алатын Құралай Шараубайқызы – осындай жан.
Туған елге, ағайын – туысқа, бірге өскен ауылдастарына, ұжымға деген ықыласы мен махаббаты арқылы бойына адамгершілік пен қатар қайтпас қажыр-қайратты жинаған әріптес апама деген ыстық лебізімді «Жанымда жүр жақсы адам» деп аяқтауды жөн көрдім.
Г.И.Серкбаева
«№10 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-сінің
директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары