Home » Мақалалар » ЖАНЫҢДА ЖҮР ЖАҚСЫ АДАМ

ЖАНЫҢДА ЖҮР ЖАҚСЫ АДАМ

Білер істің басына – жақсы келер қасына

Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын, демекші, жібектей сусыған өмірде жанымызда жүрген жайдары жандарды айтып неге нұрын тасытпасқа?

Отбасың – Отаның болса, қызмет орнымыз да бізге үлкен отбасы секілді. Сол отбасының мәртебесінің биік болуы шебер ұйымдастырушыларына байланысты емес пе? Біздің №3 Аршалы орта мектебінің  шебер ұйымдастырушыларының бірі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Туркестанбаева Ақнұр Арысбайқызы. Талай шәкіртіне білім дарытқан өнегелі ұстаз білім жолында өзінің көрегендігімен талай асуларды алып келеді.

Ақнұр Арысбайқызы білім саласын ұйымдастырудың бас қасында жүре отырып, өзінің кәсіби деңгейін биіктетіп, мектебіміздің мәртебесін көтеруде ат салысып жүр. Жаңартылған білім бағдарламасын енгізуде жасап жатқан еңбегі ұшан теңіз. Критериалды бағалау мәселесін мұғалімдерге егжей-тегжейлі түсіндіріп, жас мамандарға дұрыс бағыт-бағдар беруде.

Информатика пәнінің мұғалімі ретінде сабақтары, түрлі шаралары үлкен ізденіспен, әзірлікпен, қазіргі заманға сай технологияларды пайдаланып, баланың жүрегіне әсер ететіндей етіп өткізеді. Осындай ұстаздар қатары көбейе берсе, білім алып жатқан балаларымыздың оқуға қызығушылықтары әрі қарай артады деп ойлаймыз.

Айта берсек, жеткен жетістіктері мен сіңірген еңбегі қаншалықты көп болса да асқақтамай, «Биік таулар, биікпін деп шіренбе!» деген өлең жолындағыдай, үнемі қарапайым қалпын сақтаған, қашан көрсең жарқын жүзімен күлімдеп қарайтын, тек өз балаларының ғана емес, барша мектеп ұстаздары мен оқушылардың екінші анасындай боп кеткен Ақнұр Арысбайқызы – осындай жан…

 

Саржанова А.М.
Ақмола облысы,
№3 Аршалы жалпы орта білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.