Home » Мақалалар » Жаныңда   жүр   жақсы    адам

Жаныңда   жүр   жақсы    адам

Өмірде   сирек     кездесетін     жандар      жайлы,
Соқтықпалы,соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен  жалғыз  алыстым  кінә  қойма,
Мен бір  жұмбақ  адаммын оны да ойла….
деген Абай  атамыздың  өлең  жолдарын  еске  ала  отырып , қолға   қалам  алдым.
Адамзат  бойындағы  қаншама  құндылықтарды сезіп,байқап  жүреміз  бірде керемет  тамаша  жан  екен- ау деп  жаныңа  жақын  жұмсақ  сан  соқтырып, сол  адам  туралы дұрыс  қалыптасып  жүрген  ойыңның   күл-паршасы  шығады. Сан  алуан  адамдар: дүниені  қопарып  бәрін  мен  істеймін , менің  ғана  қолымнан   келеді  дейтіндер, бетіңе күле  сөйлеп, хал-жағдайыңды  сұрап, жаны  ашығансып   сырт  айнала  сен  түрлі  неше  түрлі  қауесет  тарататын  пасық  адамдар, бір нәрсенің  байыбына   жетпей  жатып  безілдеп ,айқайлап , тек  менікі дұрыс  дейтіндер  де  қаншама …
Ал  енді  ашық-жарқын   көрген – білгенін, жақсы-жаманын  көпшілікпен  бөліскенді, жаны  қалайтындар; елгезек ,қолынан  келсе  көмегін  аямайтындар; аңғал адамға  сенгіштер, ешқандай  қулық –сұмдығы  жоқ  ақкөңілділер, үнемі    жүзінен жақсылық  пен  мейірім  шуағы  төгіліп  тұратын  жандар  да бар.
Осындай  жандардың  қатарына  Сарыағаш  ауданы  №28 Абылай  хан  жалпы  орта  мектебінің  бастауыш  сынып  мұғалімі  еңбекқор,  үш  перзенттің   аяулы   анасы ,  адалжар, отбасының  жанашыры  Альтенова  Гүльмира  Абдіғаппарқызын  қосқым   келеді.
Өмірде  өте  сирек  кездесетіндердің  бірі, үнемі  күлімсіреп, жүзінен  нұр  шашыптұратын  Гүльмира  мен  білгелі  мұңайып, селқос  жүргенін, қабақ  шытып  жоқ  қолымнан  келмейді  басқа  істесін  бұл істі  деп бет  қайтарғанын, немесе  шаршадым маған  ғана  керек  па  бұл  деген  тұстарын  мүлде  байқамадым.
Не  деген  тектілік, парасаттылық, инабаттылық; бір жайлармен  назар   аударғаныңда  жарайды  деп, тек  мақұлдап, күлімсіреп  тұрады. Ия, дүние осындай  адамдардан  тұрады  деген  бекер  емес  сияқты, өзі  барлық  жағын  таразылап, тепе-теңдікті сақтайды  екен. Мақала  соңын  жамандар  жақсымын  деп  айқайлайды, жақсылар  жақсымын  деп айта  алмайды  деген  жолдарымен  аяқтаймын.

 


Мусакулова Карима,

Сарыағаш  ауданы Ақжар елді мекені,
№28  Абылай  хан жалпы орта мектебі
директорының оқу-ісі  жөніндегі орынбасары.

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.