Құрметті Ботакөз Жайлыбаева!Әңгімемізді кіріспе бөлімін өзіңізден бастасақ
Ұстаз болсам деген арман мектеп табалдырығын аттағаннан бастап алысқа жетелей бастады.Ұстазым маған беттері өте көп,ешқашан оқып тауыса алмайтын сыры терең кітап сияқты болып көрінетін.Мазалаған сұрақтарыма ол кісі ерінбей жалықпай жауап беретін.Бәрін білсем деген құштарлық пен қызығушылық осы мамандықты таңдауға ерік берді.
Еңбек жолыңыз қалыптаскан кезеңге тоқталып өтсеңіз
Жоғары оқу орнын бітірген соң,өзім оқыған мектепке мұғалім болып келдім.Өз ұстаздарым маған әр кез қолдау көрсетіп,маман ретінде қалыптасуыма көп ықпалын тигізді.Отбасы жағдайына байланысты Алматыға қоныс аударып 18 жыл бойы бір орында қызмет етіп, шәкірттерімнің ықыласының арқасында мектептегі ар күннің бала үшін маңыздылығын сезіне білдім.
Ұстаз болу-оңай емес. Оқушылармен жұмыс барысында қандай қағида қолданасыз?(ауқымды түрде жауап берсеңіз)
Ұстанымым: «жаман бала болмайды»Ұстаз болу әрине оңай емес.Әр баланың жүрегіне жол таба білу кез келген адамнның қолынан келе бермейтіні анық.Өз жүрек қалауымен болғанда ғана, тек сүйіспеншіліктің арқасында бала мен ұстаз арасында алтын көпір орнайды деп білемін.Осы тұста жеткен жетістіктерге тоқталып өтсек:Өз мамандығыма деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік не бір киын істі орындауда оның нәтижелі болуына ықпалын тигізеді деп ойлаймын. Бүгінгі қол жеткен жетістіктеріме келетін болсам, ол табандылық пен мақсатқа жету керек деген ойдың нәтижесі.
Мұғалімге керек мінез қандай болуы керек?
Мұғалім бойында балаға деген махаббат ұстамдылық және білуге деген құштарлық.
Мамандық таңдау мүмкіндігі берілсе тағы да осы жолды таңдарма едіңіз?
Мамандық таңдау мүмкіндігі берілсе тағы да осы жолды таңдарма едіңіз, әрине таңдар едім.
Кешегі және бүгінгі армандарыңыз
Кешегі арманым ұстаз болу болса,бүгінгі арманым – қоғам және ата аналар тарапынан ұстазға деген лайықты құрмет корсетілсе деймін. Сондай –ақ адам бойындағы құндылықтардың сақталуы,келешек ұрпаққа дарыта алсақ,сол арқылы өнегелі азамат тәрбиелесек армандардың орындалғаны деп білер едім.
Бойыңыздағы жақсы жаман жақтарыңыз?
Бойымдағы ұнамайтын қасиетім адамдарға аяушылықпен қарау,жақсы қасиетім- кез келген адамға қолдан келгенше жақсылық жасау.
Мектеп аясында басыңыздан өткен бір қызықты оқиғаны баяндап берсеңіз.
Қызықты оқиға көп,еске түскен сайын бір сәт балалық шағыңа оралғандай боласың.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар. Сіз үшін ұстаз болу…?
Мен үшін ұзтаз болу- жүректің мейрімділігі және өз ісінңің шебері болу.
Салмақты сұқбат үшін рақмет! Еңбегіңіз жемісті болсын!
Жадыра Бағашар,
Алматы қаласы