Home » Білім және тұлға » Жаныңда жүр жақсы адам

Жаныңда жүр жақсы адам

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы Абай Құнанбаев атындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектептің француз тілі пәнінің мұғалімі Тайма Мұқашқызы Ерғалиева туралы айтқымыз келеді.

Тайма Мұқашқызы мектепте 36 жылдан аса еңбек етуде. Ол кісі шыншыл, жанашыр, кішіпейіл, адал дос. Өзінің алған білімімен шәкірттерін сусындатқан. Сол білімнің арқасында көптеген шәкірттері қазіргі уақытта белді де, беделді қызметтер атқаруда. Айтар болсақ: Қасанов Дәурен(Әуе әскери ұшқыштар генерал майоры), Мусин Бағдат (Бас прокуратурасының құқықтық статистика бөлімінің басшысы). Тайма Мұқашқызы1996 жылы Франция мемлекетіне шақырту алды. Оқушылармен қатар мектебімізге келген жас мамандарға да өз тәжірибесімен бөлісіп жүр. Сонымен қатар Тайма Мұқашқызы кәсіподақ ұйымының төрайымы қызметінде атқарды. Соңғы жылдары тәрбие ісінің меңгерушісі қызметіне дейін көтерілді. Осы аралықтағы еңбектерін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Еңбегінің нәтижесі еленіп, 1999 жылы Білім және Ғылым министрлігінің мақтау қағазымен марапатталды. Біз, № 2 жалпы орта білім беретін мектеп ұжымы, осындай білімді де білікті, қажырлы да қайратты, батыл, жүректі ұстазбен жұмыс жасайтынымызды мақтан етеміз.

Жакупова А.С.

Такерова А.А.

Абай Құнанбаев атындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектеп ұстаздары:

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.